Kyzylorda-news.kz Бүгін №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп жобасы-кемел білім-кепілі: пәндер арқылы көркем әдебиетке бағыттау» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілген болатын.
Семинарға Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Г.Ақмырзаева, Қызылорда қаласы және барлық аудандардан келген мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері қатысты.
Педагогтардың басқосуында жаратылыстану пәндеріне көркем әдебиетті кіріктіре оқыту арқылы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында Сырдария ауданы мұғалімдері сабақ көрсетіп, өздерінің озық педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
– Облыстық деңгейде «Оқуғақұштар мектеп жобасы» мектептерде кеңінен қолданысқа ие. Қазіргі уақытта балалардың зейінің ашуға көптеген жобалар қолға алынуда. Өз кезегінде білім саласындағы орын алған жаңалықтар бала білімін жетілдіруге бағытталады. Осы ретте, аталған семинар негізінде жүзеге асқан іс-шаралар барасында ұстаздар қауымы жан-жақты тәжірибе алмасты деп ойлоаймын, – дейді Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Г.Ақмырзаева.
Қазіргі таңдағы сабақ үдерісіндегі жаңашыл әдістемелерімен бөліскен ұстаздарға облыстық оқу орталығының сертификаттары табысталды.