Kyzylorda-news.kz. Кеше №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі базасында Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Берік Жанібеков һ білім бөлімінің сектор меңгерушісі, аттестацияға жауапты маман Ләззат Мығымбаева және аудан мектептеріндегі директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинарға қатысушылар толғандырған сұрақтарына толық жауап алып, өзара пікір алмасты.
– Білім саласының мамандары алдағы уақытта аттестация бойынша біліктілігін қайта шыңдаудан өтеді. Әрбір ұстаздың сынаққа жауапкершілікпен қарап, сынықтан өтуі жіті қадағаланады. Өз кезегінде сала мамандарының білімін, тәжірибесін назарға алып, жан-жақты жұмыс жасауға мүдделіміз. Балаға сапалы білім беретін ұстаздар қауымына сенеміз. Аудан көлемінде әрбір мектеп бойынша сала мамандары сынақтан өтеді. Біз қашанда педагогтарды қолдаймыз. Жан-жақты бағдар береміз, – деді білім бөлімінің басшысы.
Алдағы уақытта мектеп педагогтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөнінде бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарларға нақты тапсырмалар берілді.