Kyzylorda-news.kz. Мәдениет – адамзатты тұлға деңгейінде қалыптастыратын негізгі құрал болса, өнер – мәдениеттің алтын қазынасы. Қашан да мәдениеттің мәйегі – мәдениет үйі екені белгілі, бұлбұл дауысты әнші де, мың бұралған биші де, ақиық ақын да, құдіретті күйші де, тіпті танымал әртістер мен режиссерлар да осы мәдениет үйлерінің киелі сахнасынан шығады. Осындай қиын да қызықты саланың тізгінін ұстап, халық шығармашылығын дамыту мен ұлттық өнерімізді насихаттауда халыққа мәдени қызмет көрсететін мәдениет ошақтары болып табылады.
Осы жылдың 4 айында Сырдария ауданы бойынша мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары жанында барлығы 101 үйірме жұмыс жасап, оған 1303 өнерпаз тартылған. Оның ішінде, 14 халықтық атағы бар ұжымдар, вокалды аспапты ансамблі, 1 ұлт аспаптар оркестрі, 1 үгіт бригада, 2 халық театры, 3 би топтары, 2 отбасылық ансамблі, 1 әзіл-сықақ отауы, 3 әжелер ансамблі бар. Өз кезегінде өнер сүйер қауымға 16 ән үйірмесі, 7 драма үйірмесі, 9 домбыра үйірмесі, 11 би үйірмелері, 3 вокалды аспапты ансамблі, 1 этно рок ансамблі, 1 халықтық ұлт аспаптар оркестрі, 2 халықтық отбасылық ансамбль, 2 халық театры, 3 мәдени үгіт бригадалары, 15 көркемсөз үйірмесі, 10 әжелер ансамбльдері, 2 ардагерлер үйірмесі, 2 әзіл-сықақ отауы, 4 қолөнер үйірмесі, 3 жазба ақындар үйірмесі, 1 қобыз үйірмесі, 1 жыр-терме үйірмесі, 3 сурет үйірмесі, 1 дәстүрлі ән, 1 фото-видео үйірмесі, 1 квн үйірмесі, 1 флейта үйірмесі, 1 келіндер ансамблдер халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Өткен жылы Сырдария ауданы бойынша мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары жанында 97 үйірме жұмыс жасап, оған 1275 өнерпаз тартылса, биыл мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары жанынан жаңадан үйірмелер қосылып және өзгерген үйірмелер бар. Атап айтар болсақ, аудандық мәдениет үйі жанынан Домбыра үйірмесі, Кент клубы жанынан «Би» үйірмесі, Бесарық ауылдық мәдениет үйі: «Шырайлы» келіндер ансамблі,Аманкелді ауылдық мәдениет үйі жанынан «ВлокФлейта», «Фото-видео» , «Жайдарман» , «Үгіт бригада» үйірмелері ашылды. Үстіміздегі жылдың 5 айында мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының байқауға қатысу көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ. Сырдария ауданы бойынша өткізілген аудандық 17 байқауға, облыстық 15 байқауға, республикалық 16 байқауға, халықаралық деңгейдегі 5 байқауға қатысқан өнерпаздар 23 бас жүлде, 27 І орын , 6 ІІ орын, 6 ІІІ орын иелеген.
Мәдениет қызметкерлері түрлі деңгейдегі мазмұнды да маңызды шараларды ұйымдастыру арқылы халыққа мәдени қызмет көрсете отырып, әрқашанда өнер саласындағы аға буын өкілдерінің өмірлік бай тәжірибелерін жас өнерпаздарға үлгі етіп тапнытуымыз қажет. Осындай игі шараларды ұйымдастыру мен өткізуде бір-бірімізбен тығыз байланыста болып, біріге қызмет атқарсақ мәдениет пен өнер саласында талай шыңдарды бағындырарымыз сөзсіз, – дейді аудандық мәдениет үйінің әдіскері Ақбота Талғатова.