Kyzylorda-news.kz.  Жақында  ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы республика көлеміндегі «Алтын белгіге »үміткер оқушылармен онлайн форматта кездесу өткізген болатын. Кездесіу барысында еліміздің бас ұстазы үздік оқушыларға алдағы білім сынағында сүрінбей өтуіне сәттілік тіледі.

Кездесуге Сырдария ауданынан 29 бітіруші қатысты. Жиын барысында  ұсыныс-пікір мен тілек айтылды. Жалпы, бүгінгі республиканың бас ұстазымен кездесуі барлық мектеп бітіруші түлектерге мотивация болары сөзсіз.

– Бүгінгі кездесудің мән-мағынасы жоғары. Оқушыларымыз  ҚР оқу-ағарту министрімен кездесіп, өмірлік бағыт-бағдар алды. Еліміздің басты ұстазының  алдында сауалдарын жолдап, білім сынығында үздіктер қатарынан көрінуге талпынды. Әрине, әрбір оқушының болашағына зор үмітпен қараймыз. «Алтын белгіге» бітірген шәкірттеріміз еліміздің үздік оқу орындарында білім алып, білікті маман боларына сенеміз. Ұстаздарымыздың үздік оқушыны тәрбиелеуде еңбегі ерекше. Біздің аудан мерейін асқақтатын жастардың қаулап шыққанына қуанамыз, – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков.

Білім саласы мамандары осы күні соңғы қонырауға дайындықты бастап кеткен. 

Тағы да оқыңыз: