Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентінде іргетасы 1969 жылы қаланған Сырдария аграрлы-техникалық колледжі – жастарға техникалық және кәсіптік  білім беретін оқу орны. Колледжде 1969-2023 жылдар аралығында 9 000-нан аса жұмысшы кадрлары даярланды.

Алғашқыда училище болып ашылған білім ордасында 1969-1970 оқу жылында ауданның құрылыс мекемелеріне арнап тас қалаушы, сылақшы, бояушы, пеш салушы, ағаш ұстасы мамандықтары бойынша жұмысшы мамандар даярланады. Алғашқы оқу жылындағы училищенің алғашқы директоры Алматы ауыл шаруашылық  институтының агрономия факультетін бітірген Танабай Есмағанбетов болды. Осы жылы училищеде мамандық беретін 7 топта 150 оқушы білім алды. Олардың 25-і Башкирия,Украинадан келген оқушылар еді. 

1972-1973 оқу жылынан бастап училище негізінен механизатор мамандарын дайындауға көшіп, оқушы саны 300-ге дейін жеткен. 
Алғашқы құрылған жылы СПТУ-88 деп аталған училищенің ғимараты бұрынғы орында 1976 жылға дейін болып, осы жылы Тереңөзек кенті орталығындағы типтік үлгіде салынған училище корпусына көшеді. Жаңа ғимаратқа көкшен училище қабырғасында 450 оқушы ауыл шаруашылығы жұмыстарының механизаторы мамандығы бойынша білім алады. 

1977 жылдан 1985 жылға дейін кәсіптік-техникалық училищенің директоры болып Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім Сақыбек Алданазаров қызмет етті. 2009 жылы оқу орны №10 кәсіптік лицей болып қайта құрылады. Ал 2012 жылы Сырдария аграрлы-техникалық колледжі болып өзгереді.

2013 жылы 30 желтоқсанда Қызылорда облысы әкімінің №435 «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдастыру» қаулысымен және білім басқармасының 2014 жылғы 6 ақпандағы №19-н бұйрығымен  «Сырдария аграрлы-техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі «Сырдария аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып ауыстырылды.

Қызылорда облысының білім басқармасының  «Сырдария аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысы Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2014 жылғы 04 ақпандағы №113 бұйрығымен бекітілген.

 «Сырдария аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оқу ғимараты  3 қабаттан тұрады. Колледждің оқу ғимараты – 450 орындық, арнаулы пәндер кабинеті – 6,  жалпы білім беретін кабинеттер – 11,  информатика кабинеті – 1, интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген кабинет – 4. Шеберханалар бар. Олар тігін шеберханасы – 12 орындық, слесарлық ісі шеберханасы – 30 орындық , автомобиль және трактор лабораториясы және аспазшы мамандығы бойынша лаборатория бар. Сонымен бірге 1 кітапхана,  26 орындық оқу залы, 120 орындық акт залы, типтік спорт зал, 1 спорт алаңы, 1 әскери даярлық алаңы бар, – дейді колледж директоры Дархан Қожахметов. 

Оқу орны 1976 жылдан типтік жобамен салынған ғимаратта жұмыс жасайды. Онда оқу корпусы, шеберханалар блогы, жылу қазандығы, асхана жүйесі, спорт, Акт залдары және сыртқы спорт алаңдары бар. Колледж  жартылай автоматтандырылған 250А маркалы сварка, аргоно-сварка, Трактор МТЗ 82-1, косилка, пресс-подборщик ПТ-165М, автомашина ГAЗ 330900, аспалы соқа – ПЛН-3-35, тіркеме АЗ-8524, автотренажер,  4 интерактивті тақта және мультимедиялы интерактивті дисплеймен қамтамасыз етілген. 

2022-2023 оқу жылы бойынша колледж 34 штаттық кестесіне сәйкес 72 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 35 инженер-педагог жұмыс атқарады.  Педагог-зерттеуші – 3, педагог – эксперт – 3, педагог – модератор – 5, санаты жоқ – 13, жоғары санатты 2 оқытушы, І санатты 4 оқытушы, ІІ санаттағы 5 оқытушы және 12 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді. Қазіргі таңда 5 арнаулы пән оқытушысы, 14 жалпы пән оқытушысы, 9 өндірістік оқыту шебері студенттерге кәсіби бағдар беруде. 

Ұлттық бірыңғай деректер қоры бойынша 2022-2023 оқу жылында колледжде 162 студент 6 мамандық бойынша білім алып келеді. Нақты айтқанда – ферма шаруашылығы мамандығы бойынша – 34, дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша – 61, тамақтандыруды  ұйымдастыруды  мамандығы  бойынша  – 14, ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану мамандығы бойынша – 23, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығы бойынша – 21, токарлық іс – 9 білім алушы.

Осы 162  білім алушының   90-ы  аудан орталығы  Тереңөзек кентінен, 72-і елді-мекендерден келген білім алушылар. Сонымен қатар, колледжде оқитын студеттердің арасында аз қамтылған отбасы балаларының саны – 65,  мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 9, көп балалы отбасынан шыққандар саны – 75, толық емес отбасынан шыққан  студенттер саны – 38. 

2022-2023 оқу жылының басында колледждегі 128 білім алушыға ай сайын 28323,0 тенге шәкіртақы тағайындалды.  "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметі бойынша 65 студентке 12975,0 теңге тағайындалған. 

Сырдария аграрлы-техникалық колледжі Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы арқылы институционалдық аккредитациядан 5 жылға аккредиттелді.  Сонымен қатар мамандандырылған аккредиттеу екі мамандық бойынша аккредиттелген. 

Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде 12 мамандыққа  22 біліктілік бойынша білім беруге лицензиясы бар. Олар: Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша), машина жасау технологиясы (түрлері бойынша), токарлық іс (түрлерібойынша), тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, ауылшаруашылығын механикаландыру, зоотехния, тамақтандыруды ұйымдастыру, тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру, электромеханикалық  жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша), есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша). Қазіргі таңда колледжде «Ферма шаруашылығы»,  дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша), «Тігінөндірісіжәнекиімдердіүлгілеу», ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, токарлық іс (түрлері бойынша), «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша оқытылуда.

Колледжде 2021-2022 оқу жылында қабылданған үш мамандық бойынша  ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, дәнекерлеу ісі, токарлық іс студенттер кредиттік-модульдік оқыту жүйесімен білім алуда. 2022-2023 оқу жылында қабылданған мамандықтар бойынша академиялық дербестік берілген. Бүгінгі білім берудің өтпелі кезеңінің талабына сәйкес «Сырдария аграрлы техникалық колледжі» КМҚК да өзінің алдына жаңа міндеттер қойып, оны неғұрлым үйлесімді шешуге ұмтылыс жасауда. 

Қазіргі таңда College SmartNation – техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталы арқылы  келісім шарт жасалып, колледжде оқу процесі осы портал арқылы жүзеге асуда. 

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі – техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Оқытудың дуалдық жүйесін енгізу бағытында қазіргі білім саласында біраз жұмыстар атқарылуда. Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 қазанындағы №1093 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды білім беру әдісімен мамандар даярлаудың жол картасына» сәйкес 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті» біліктілігі бойынша енгізілсе,  2016 жылдың оқу жылынан бастап «Аспазшы» біліктілігі бойынша  дуалды оқыту  жүйесі енгізілді.

Дуалдық оқыту жүйесін енгізудегі негізгі бағыттар: колледждің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту, түлектерді жұмысқа орналастыру және оқушылардың практикалық оқуларын ұйымдастыру базасының көзі ретінде аймақтық әртүрлі кәсіпорындарымен әлеуметтік серіктестікті дамыту, халықаралық стандарттарға сай оқу үдерісінде дуалдық жүйе элементтерін енгізуді одан әрі қарай жалғастыру, кітапхана қорын электрондық оқулықтармен және мамандық бойынша оқулықтармен толықтыру, жоғары білікті педагогикалық кадрларды тарту жолымен өндіріс саласына бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындаудың сапасын жетілдіру.

2022-2023 оқу жылында 2 мамандық бойынша  48 білім алушы дуальды оқыту технологиясымен білім алуда. Олар: «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша – 34 білім алушы, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша – 14 білім алушы.  Бұл жалпы колледж контингентінің 30%  құрайды. 

Құзіреттілігі жоғары мамандар даярлау жүйесінде дуалдық оқыту жүйесі әлемдегі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудағы ең тиімді формасы болып табылады. Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуалдық жүйесін енгізуге аса мән беріліп отыр. Соған сәйкес білім алушылардың сапалы білім алып, материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде жабдықталған кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс жасаудамыз. «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша ЖШС «Шаған Жер» және «А.Тоқмағамбетов Жер» LTD мекемелерімен келісім-шарт жасасса, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша ЖК «Шаңырақ», ЖК «Әбдуомар» мекемелерімен келісім-шартқа отырып, бірлесіп жұмыс атқаруда. 

Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің алдына қойған мақсаты мамандарды кәсіби бағытқа негіздеп дайындау және қатаң түрде экономикалық қажеттіліктермен өзара байланыстыру болса, колледж бұл тұрғыда өзіндік әлеуметтік серіктестіктерін тауып, арада бір мақсатқа жұмылдырылған келісім-шарт, байланыстар орнатты. Білім мекемесінің алдында әлеуметтік серіктестермен жаңа өнеркәсіп орындарымен тығыз іс - әрекеттер жасай отыра, халықаралық қарым-қатынастарды орнату, колледждің иммиджін жақсарту, ең бастысы білім беру ордасын әрі қарай модернизациялау сияқты басты мақсат-міндеттері тұр. 

Қазіргі жағдайда басты міндет жұмыс берушілермен тығыз байланыс орната отырып, кәсіби деңгейі жоғары мамандар шығарып, олардың әрі қарай еңбекке араласуын қамтамасыз ету. 

Жаһандану заманында студент жастарға кәсіби бағдар мен сапалы білім беру ең маңызды стратегиялық міндеттердің бірі екенін ескерсек, оны қазір жүзеге асыру үшін аталмыш оқу мекемесінде қажетті мықты материалдық-техникалық базасы, өз ісіне адал тәжірибелі де білікті педагогтар ұжымының зор ұмтылысы бар. Ауданда маман дайындап, оларды өндірісте оқытумен қатар өндірістік тәжірибеден өткізу үшін әртүрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен, шаруа қожалықтарымен және мекемелермен меморандумға отырып, келісім шарттар жасалып, бүгінгі күні оларға қол қойылды. Олар «А.Тоқмағамбетов-Жер» ЖШС, «Қалжан-Ахун» шаруа қожалығы, «Шаған-Жер» ЖШС әлуметтік серіктестігі, «Қызылдихан» шаруа қожалығы, «Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі, «Емжар Асылбек» шаруа қожалығы, Қоғалыкөл «Жамбыл-2030» ЖШС, «Сымбат» ЖШС, «Мағжан және К» ЖШС, «Өркен Сырдария» ЖШС, «Ақжарма Жер», «Ақжарма және К» шаруа қожалығы, «Шаңырақ» жеке кәсіпкер.

Қазақстанның инновациялық болашағы еңбек ресурстары сапасына сай тікелей байланысты болғандықтан түбегейлі жаңа әдіс және технология қажеттілігі туралы мәселе назардан тыс қалмады. Дуалды оқыту бойынша колледждің өндірістік оқу шеберлері мен арнайы пән оқытушылары «Дуалды оқыту жағдайында  техникалық және кәсіби  білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбы  бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен. Сонымен қатар «Ақтөбе  облыстық  ғылыми-тәжірибелік орталығы» арқылы ұйымдастырылған «Дуалды жүйе: тәжірибе мен келешек» тақырыбында  конференцияға  колледждің арнайы пән оқытушылары қатысып,  тәжірибе алмасқан.

Жалпы алғанда 23 түлектің 78,1% жұмысқа орналасқан, алайда жыл аяғына  дейін бұл көрсеткіш 90 %-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Биылғы оқу жылында 38 студент оқу бітіреді. Фермер шаруашылығы мамандығы бойынша – 19 студент, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша – 19 студент. Колледж жоспарына сәйкес  2023-2024 оқу жылына  3 мамандық бойынша 75 студент қабылдау жоспарланған. Ауылшаруашылығын механикаландыру – 25, дәнекерлеу ісі – 25, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу – 25 студент қабылданады.

– Колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасуын ұйымдастыру мақсатында аудан әкімшілігі мен жұмыс берушілердің қатысуымен мамандықтар жәрмеңкесіне,  семинарларға, жұмыспен қамту орталықтары өткізетін бос орын (вакансиялар) жәрмеңкесіне белсенді қатысып келеді. Жұмыс орындарымен қамтамасыз ету нәтижелері директор жанындағы кеңесте тұрақты түрде тыңдалып, педагогикалық кеңесте қаралуда.
Колледж аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп жастарға кәсіби бағдар беру, алдағы оқу жылына мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыру мен бітірушілерді жұмыспен қамту шараларын іске асыру  үшін колледж ұжымы мекеме басшыларымен бітірушілердің  кездесуі, хаттар арқылы барлық мекеме, кәсіпорын басшыларына ұсыныспен шығу, практика  кезінде оқушылардың тереңдетілген теориялық білімін, олардың кез-келген ұжыммен тіл табысып істей алатындығын көрсету арқылы, мамандарын ұсына алады, – дейді колледж директоры.

2015 жылы аудан әкімінің бастамасымен  колледжге 68 орындық жатақхана берілген. Қазіргі таңда елді-мекеннен қатынайтын 43 білім алушы жатақханамен қамтамасыз етілсе, оның 10 кәмелетке толмаған жас жеткіншектер.
Жасөспірімдер арасында суицид пен қылмыстың алдын алу бағытында ата-анамен байланыс орнатылып, іс-шаралар жоспары аясында сауалнамалар алу, тренигтер өткізу тұрақты жүргізілуде.

Колледждің жылдық жоспары бойынша барлық оқу топтарында қылмыстың алдын алдын алу, оны болдырмау, құқықтық жауапкершілікті білу мақсатында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі, білім бөлімімен бірлесе отырып  іс-шара жоспарын жасап, тұрақты жұмыс жасап келеді.

Сырдария аграрлы-техникалық колледж осал объектілер қатарына жатқызылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысында белгіленген талаптарды тиісті дәрежеде, яғни террористік қорғалуы және инженерлік-техникалық нығайтылуы бойынша колледжде қазіргі танда 16 дана бейнебақылау камералары орнатылған.

Айту керек, 2023 жылдың 18 мамырында  Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің шешімімен колледж аттестациядан өткен.
 

Тағы да оқыңыз: