Kyzylorda-news.kz  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дәстүрлі музыка өнері және хореграфия» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы Рамазан Сағындықұлына «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Құрметті профессоры» атағы берілді.

Білім ордасының Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова құттықтап, «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Құрметті Профессоры» атағын табыс етті. Арнайы профессор мантиясын кигізіп, құрмет білдірді. Жиында әріптестері ақ тілегін арнап, кәсіподақ ұйымының атынан сыйлық табыс етілді. Құттықтау сәтіне өнер майталмандары мен ұжымдастары қатысты.

Айта кетейік, қазақ өнерінде әсем әндерімен танылған композитор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қызылорда облысының Құрметті Азаматы Рамазан Тайманов  70 жаста. 
Жуырда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығында тарих ғылымдарының докторы, профессор Өтеубай Қожақұлының 70 жасқа толуына орай «Гуманитарлық-педагогикалық» институт Кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Мәжілісті институт директоры т.ғ.к., доцент Тайман  Сағат Тамшыбайұлы жүргізді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректор, ф.ғ.к. Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызы құттықтау сөз сөйлеп, профессор ұстаздың оқу орнында атқарған жемісті жұмыстары мен ғылыми - педагогикалық қызметіндегі елеулі жетістіктеріне де тоқталып өтті. 

Педагогикалық қызметін үзбей ғылыммен ұштастырып отырғанын баса айта келіп, сөз соңын: «Бүгінде Өтеубай Қожақұлы XXI ғасыр ұрпағына жаңаша білім мен тәрбие беруде өз үлесін қосып келе жатқан үлгілі ұстаз, көрнекті ғалым» - деп түйіндеді.

Қоғам және мемлекет қайраткері, профессор  Мұрат Бақтиярұлы, “Тарих және археология білім беру” бағдарламаларының профессоры, т.ғ.д. Тастанбек  Яхьяұлы,  облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов және мерейтой иесінің туған жері Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов құттықтау сөз сөйледі. 

Қадірлі ұстазды мерейтойымен құттықтап, өңіріміздегі жоғары оқу орындарының өкілдері, облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, архив және мектеп директорлары келді. “Гуманитарлық-педагогикалық” білім беру бағдарламасының жетекшілері және шәкірттері де ізгі тілектерін жеткізді. Салтанатты мәжіліс соңында профессор-ғалымға шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
 

Қорлан САРЫ
Фото:aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: