Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп ұстаздары Кармақшы ауданындағы Т. Көмекбаев атындағы №250, Арал ауданындағы Ж. Әбдірашев атындағы №62, Жаңақорған ауданындағы №286 мектептерге барып, кезекті әдістемелік қолдауларын білдірді.

Сапар барысында оқу үдерісінде сандық ресурстарды тиімді қолдану бойынша практикумдар ұйымдастырылды. NIS педагогтері ауыл ұстаздарына сыныпта оқу экраны ретінде пайдалануға болатын - Classroomscreen, қысқа уақыт ішінде тест тапсырмаларының үлкен көлемін тексеруге көмектесетін - ZipGrade қосымшаларының жұмыс істеу үдерісін үйретіп, Google платформасының мүмкіндіктерін таныстырды. Қатысушылар бұл қосымшалардың сабақты өткізу және оқушы жұмысын бағалау кезінде ыңғайлы және тиімді екенін атап өтіп, оң пікірлерімен бөлісті.

Ал Зияткерлік мектептің зерттеушілер тобы әріптестеріне Action Research және Lesson study зерттеушілік тәжірибелерімен бөлісті. Кері байланыс кезінде қатысушылар зерттеу түрлері мен кезеңдері туралы білімдерін молайтып, зерттеу сұрағын қалай құрастыруды үйренгендіктерін атап өтті және бұл жұмыстар мектептегі білім сапасын жақсарту үшін таптырмас құрал екендігін алға тартты.

Педагог-кураторлар жүргізген практикумда қатысушылар тәрбие бағытындағы танымдық жобаларды жүргізуді ұйымдастыру және «100 кітап» жобасы арқылы оқушылардың оқу мәдениетін арттыру бойынша біліктіліктерін арттырды.

416059645_3529845760678666_2852240465002602199_n.jpg

Тағы да оқыңыз: