Kyzylorda-news.kz. Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Оқытудағы инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбындағы халықаралық семинар-практикум өтті. 

Халықаралық практикалық семинарға Қырғызстан республикасы және еліміздің білім беру ұйымдарының «Көркем еңбек» және «Бейнелеу өнері» пәндерінің мұғалімдері, ЖОО орындарының оқытушылары, әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатысты. 
Семинардың мақсаты жеке тұлғаның қалыптасуын және кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімін визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамыту, ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру, өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімдерін және шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгерту бойынша тәжірибе алмасу. Қонақтар Kendebay Karabdalov «Қылует» жер асты этномузейіне, Б.Бейсбековтардың өнер ордасына және Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне саяхат жасады. 

Ашық сабақ, инновациялық әдістер алаңында №267 орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі «Әр түрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу» (сулықтар,сөмкелер,ұялы телефон қабы) ашық сабақ көрсетті. Сондай-ақ, №282 мектеп-лицей көркем еңбек пәні мұғалімі Бермағанбетқызы Гүлбағила «Бұйымды көркемдеп күйдіру.Безендіру» өз тәжірибесімен бөлісті.

Шеберлік сағаты, жаңа технологиялар бойынша №211 орта мектеп Танатарова Дәрігуль, №6 орта мектеп көркем еңбек пәні Абдраманова Шолпан, №264 мектеп-лицейі көркем еңбек пәні мұғалімдері Алпысбаева Айгүл, Алибаева Нұргүл, №173 мектеп көркем еңбек пәні мұғалімі Абдрахманова Айгүл, «Абай» атындағы ДБА мектеп көркем еңбек пәні мұғалімі Бегімбаева Мархабат, №101 мектеп-лицей мектеп көркем еңбек пәні мұғалімі Абдраманова Жанар өз шығармашылық тәжірбиесімен бөлісті. 

Шығармашылық туындылар көрмесіне №179 орта мектеп көркем еңбек пәні мұғалімдер Ештай Айжан, № 39 «Қызылөзек» орта мектебі көркем еңбек пәні мұғалімдері Тұяқбаева Ляззат, Сапаржанова Жазира, № 136 мектеп-лицей көркем еңбек пәні мұғалімі Қойшыбаева Гулжазира, №261 орта мектеп көркем еңбек пәні мұғалімі Абдиева Айгүл шығармашылық туындылармен бөлісті. 

Халықаралық семинар-практикумда ұстаздар Шымкент қаласы білім басқармасы марапаттарымен марапатталды. Қалалық көркем еңбек секция жетекшісі Стамшаева Сагыныш Қадрияқызы дизайн саласында қол жеткізген шығармашылық табыстары үшін Евразия дизайнерлер одағы дипломымен және Қазақстан педагогикалық академиясы Қазақстан республикасында жас ұрпаққа сапалы білім мен ғылымға тәрбиелеудегі істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін «Ұлағат» төсбелгісі берілді.

Тағы да оқыңыз: