Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысындағы барлық білім беру ұйымдарында бір мезгілде «Жасыл мекен» республикалық челленджі өткізілуде. Экологиялық акцияға басқарма және білім бөлімдерінің басшылары мен білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер және оқушылар белсенді қатысты.

Аталған іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде өтуде. Бұл экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.

«Республикалық деңгейде өткізіліп жатырған акцияға біздің өңіріміз де белсенді атсалысуда. Елорда уақытымен бір мезетте басталған челленджге 30 мыңға жуық оқушылар мен колледж студенттері қатысуда. Мұнымен қоса басқарма және білім бөлімдерінің басшылары да қатысып, оқушыларға үлгі көрсетіп, білім алушыларды қоршаған ортаға деген қамқорлықты насихаттауда. Экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық жалпы хештегімен өткізілуде», – деді облыстық білім басқармасының бас маманы Жадыра Шариева.

Айта кетейік, аталған акцияда облыс бойынша 295 мектептен 21 128 оқушы, 30 колледжден 7250 студент жалпы саны 12 мыңға жуық көшет отырғызуда.

345650374_1003724343894797_199536759410795372_n.jpg345659224_1245986142704427_7352553775476014983_n.jpg

Тағы да оқыңыз: