Kyzylorda-news.kz Бүгінде ел бойынша сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде . Жемқорлыққа қарсы стретегияның басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатта қаламыздағы музыкалық колледж ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің төрағасы М.Нәлібаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова, “Әділдік жолы” РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Л.Бақтыбаева қатысты.
Осы сыбайлас жемқорлықта құқық бұзушылықтар көбіне –көп азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдарынан болып жатады.
Осыған байланысты ұжым арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы орынды. Осы тұста ұжымға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өз ойларымен бөлісті. Қатысушылар назарына арнайы бейнеролик көрсетілді.