Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Сұлтан Бейбарыс – қазақ халқының мақтанышы және оның дипломатиясы» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Жиынға еліміздегі ЖОО ғалымдары мен білім алушылар қатысты.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Өтеубай Қожақұлы Сұлтан Бейбарыстың асқан ақылымен, даналығымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілгенін атап өтіп, батыр бабамыз жайлы тарихи деректермен таныстырды.

Ал, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Тарих» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., философия докторы Аягөз Нұрманова Сұлтан Бейбарыс тұлғасы және оның мамлюктік Египеттің Алтын Ордамен қарым-қатынасын дамытудағы рөліне тоқталды. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Халықаралық қатынастар» факультеті, Шығыстану кафедрасының профессоры м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Зибагүл Ілиясова Сұлтан Бейбарыстың арабтілді дереккөздері мен тарихнамасы туралы тың деректермен бөлісті. 

Жиында өзге де ғалымдар тарихи тұлға туралы жаңа ақпараттармен таныстырып, сала мамандары пікір алмасты.

340770609_250444450677408_2001300296572354623_n.jpg

 

340084106_2048819528782938_824102038202528405_n.jpg

Тағы да оқыңыз: