Kyzylorda-news.kz Алматыда көпқабатты үйдің төбесінен секіріп қаза тапқан екі оқушы қыздың телефондарын тексеру кезінде суицид ойынына қатысты фактілердің жоқтығы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ІІМ баспасөз қызметі Алматыда мәйіттері табылған оқушыларды тексеру нәтижелерімен бөлісті.

"Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған екі жасөспірімге қатысты телефонды тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Суицид ойынына қатысу фактісі анықталмаған. Қазіргі уақытта қашықтағы хат алмасулар мен қолданбаларды қалпына келтіру үшін телефонды зерттеу қосымша жүргізілуде. Жалпы, әрбір осындай факт бойынша олардың жасалу себептерін анықтау үшін қажетті тексерулер жүргізіледі", - деп хабарлады ІІМ.

Фото: әлеуметтік желіден алынған

Тағы да оқыңыз: