Kyzylorda-news.kz Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер биыл аттестациядан өтпейді.
"Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады", - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен бірге су тасқыны жағдайын тексергенін жазған едік.
Фото: Нұрболат Нұржаубай