Kyzylorda-news.kz  Танымал журналист Дина Төлепберген грантқа өте алмай қалған мектеп түлектеріне қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Медиа өкілінің айтуынша, биылғы грант дұрыс бөлінбеген көрінеді.

“Жоғарыдағылар жоғары білім туралы ойлай ма? Әділетсіздікті айтып түлектер түрлі хат жолдап жатыр. Менің ойым: Апат келген аймаққа ортақ гранттан емес, артығымен бөлек берілуі тиіс. Су басты деп білімді шәкірттердің бағын байлау – қате… Үміткерлердің зарын естіп, жасын көргендер тағы да мүмкіндік беріп, қайта қарастырар.  Қане, ҰБТ дан қанша балл алдыңыздар, қайда оқуға түстіңіздер? Сіз де әділетсіздіктің құрбаны болдыңыз ба?”, – деп жазды журналист.

Айта кетейік, желіде түлектер ЖОО-ға түсу грантының басым көпшілігі су тасқынынан зардап шеккендерге берілгеніне қарсы шықты.

Түлектердің біршамасы жоғары баллмен грантқа түспей жатқан кезде төтенше жағдайдан зардап шеккен аймақтардың түлектері төмен баллмен конкурсқа ілігіп кеткендерін айтады. Наразы ата-аналар петиция да жариялауға дайын болған.

“Соңғы деректерге сәйкес, гранттың 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен аймақтың түлектеріне бөлінді. Бұл мүмкіндік расымен талантты және дайындығы мол студенттердің лайықты білім алуына кері әсер етті. Олар экзамендерге барынша дайындалып, бар уақытын білімге арнады, бірақ нәтижесіз қалды. Грантты әділетсіз бөлу білім жүйесіне деген сенімсіздік тудырады. Министрліктен грантты бөлу қағидасын қайта қарауды сұраймыз. Төтенше жағдайда қалған аймақтың түлектеріне бөлек грант бөлінсін”, – делінген еді петиция мәтінінде.

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Тағы да оқыңыз: