Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылдың қыркүйегінде 300 мыңға жуық колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Колледж студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі", – деді Техникалық және кәсіптік білім бас сарапшысы Дархан Сатанов.

Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.

Фото: piхabay.com

Тағы да оқыңыз: