Kyzylorda-news.kz  Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 қазақ орта мектебі осыдан жетпіс жыл бұрын қараша айында №71 теміржол жеті жылдық мектебі ретінде ашылған болатын. Мектептің алғашқы директоры, марқұм Балмағамбетов Данышпан еді. Алғашқы ашылған жылдары мектепте 400-дей оқушы оқып, 15-ке жуық мұғалімдер қызмет атқарған. 1954-1955 оқу жылында мектептің алғашқы түлектердің саны 35 оқушы болды. Алғашқы сабақ берген ұстаздар: Боранбаев Сейіл, Қазыбаев Әшірбай, Пішімова Бибіжар, Қосаева Саяш, Ахмедов Мадали, Сарқұлов Ләти, Цой Ян Дүн, Досжанов Асан тағы басқа ұстаздар жемісті қызмет атқарды.

Жаңа мектеп ғимараты 2014 жылы пайдалануға берілді. Ғимарат ауқымы – 36335 шаршы метрді құрайды. Жалпы алаңы – 7511,5 шаршы метр. Екіқабатты типтік жобада салынған, екі ауысымдық 600 орындық мектеп .

Техника жабдықтармен қамтылған кабинеттер: 1 физика, 1 химия, 3 информатика және 1 робототехника, 3 технология кабинеттері, кітапхана жалпы көлемі - 120,4 шаршы метр, акт залы – көлемі 204,20 шаршы метр, спортзал - қажетті спорттық құралдармен қамтамасыз етілген көлемі - 640,60 шаршы метр. Барлығы мектепте – 94 компьютер, 8 планшет, 5 ноутбук, 5 проектор, 5 принтер, 8 интерактивті тақталар бар. Медициналық 2 кабинет бар, көлемі - 34,2 шаршы метр 130 орындықты асхана бар. Мұнда ыстық тамақпен 130 бала қамтамасыз етіледі. Арнайы күзет – қарастырылған.

2018 - 2019 оқу жылында мұғалімдер саны - 138, білімі жоғары - 131. Жоғары санатты - 10 (2 зерттеуші). Бірінші санатты - 42 (6 сарапшы). Екінші санатты - 61 (8 модератор), Санатсыз - 25. Оқушылар саны - 788, оның ішінде, 387 қыз бала. Сынып комплекті - 38.

2024 жылдың 12 ақпан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына – 35 жыл толуына орай, АӘжТД пәні мұғалімі: Жаңабаев Қонысбектің ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында тарихи кеш өткізілді. Кеш шымылдығы тарих пәнінің мұғалімі Қаналиев Алмастың «Ауған соғысы – жүректегі жара» тақырыбындағы баяндамасымен ашылды. Оқушылар тақырыпқа сай әдеби-монтаж оқыды. Видео слайд көрсетілді. «Жылдар сөйлейді» айдарымен оқушылар 1979-1989 арасындағы оқиғалар туралы түсінік беріп өтті. Тарихи кеш оқушыларға үлкен әсер қалдырды.

Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте «Қыран» дебаттық клубының жылдық іс-жоспарына сәйкес, 21 - желтоқсан күні "Бұл палата ата-аналар да, өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді" тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Пікірталас барысында, оқушылардан құрылған жақтаушы және даттаушы топтар өзара ойларын ортаға салып, тақырыпты кеңінен аша білді. Оқушылар шараға белсене қатысты. Нәтижесінде, өз позицияларын берік ұстанған "Үкімет" тобы басымдықпен жеңіске жетті.

ДосболLIKE : «Достық қолын ұсын»

Мектепте кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылатын бір айға созылатын ДосболLIKE: «Достық қолын ұсын» республикалық акциясының ашылуы өткізілді.

Акцияның мақсаты: Мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Акция туралы мектеп басшысы Ләззат Шманқызы сөз сөйледі. «ДосболLIKE: «Достық қолын ұсын» акциясында атқарылатын жұмыстар туралы таныстырып өтті.

Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп кітапханашылары оқушылардың қысқы демалыс күндерін тиімді пайдалану мақсатында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" тақырыбында шара ұйымдастырды. "Ауылым алтын тұғырым" атты шығарма жаздыра отырып, оқушыларға туған жері жайлы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ауылының мәртебесін көтеруге шақыру. Сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін, ашық жеткізуге тәрбиелеу.

Орта мектепте 2023 – 2024 оқу жылының жоспарына сәйкес, «Құстар – біздің досымыз» атты тақырыпта акция шарасы өткізілді.

Мақсаты: Табиғаттың бір бөлігі саналатын тіршілік иесі құстарға қамқорлық жасау, қорғау, мейірімділік көрсету, ұя жасау.

Акция шарасы барысында мектеп тәлімгерлері жасұландықтармен бірге мектеп аулаларындағы талдарға қолмен дайындалған ұяларды іліп, естелік суреттерге түсті. Өткізілген бұл шара уақытылы  әлеуметтік  желіге жарияланды.

Мектепте Махамбет Өтемісұлы 220 жылдығына орай, 2-3 сынып оқушылары қатысуымен іс-шара болып өтті. Мақсаты: Даңқты батырдың өнегелі өмірін оқушылар арасында насихаттау.

Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 орта мектепте 2023 – 2024 оқу жылы «Жас ұлан » өзін - өзі басқару ұйымы жылдық жоспарына сәйкес ұйым мүшелері қатысуымен «Музей сағаты» және «Сыр елінің сырлы жәдігерлері» атты акциясына сәйкес, саяхат сабағы болып өтті. Бұл шара барысында мектеп тәлімгерлері мен оқушылар Қазалы аудандық тарихи өлкетану музейіне барып қайтты.

Мақсаты: Музейдегі ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан көне жәдігерлер және құндылықтарды жасұландықтарға насихаттау, таныстыру және ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып саналады. Акция барысында оқушылар көне жәдігерлер туралы мағлұмат ала білді. Музей қызметкерлері оқушыларға біраз ақпараттар беріп, құндылықтарды жеке-жеке таныстырды.

Мектептің тәлімгерлері және жасұландықтар "Сыр елінің сырлы жәдігерлері" атты көрме аясында Қазалы аудандық тарихи өлкетану музейіне барып акция шарасын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан көне жәдігерлер мен құндылықтарды таныстыру, насихаттау және ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Қазалы аудандық оқушылар үйінде өткізілген "Маусымашар – 2024" жайдарман сайысында мектебіміздің "Ақ орда" командасы бағын сынап үздік ойын өрнегін көрсете білді. Сайыс нәтижесі бойынша командамыз "Супер лига" кезеңіне жолдама алды.

Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жоспарына сәйкес,  "Төрт тоқсан - төрт өнер" жобасы аясында әкелер және балалар арасында "Алтын сақа" асық ату сайысы болып өтті.

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойыны асық атуды әкелер мен оқушылар арасында кең - көлемде насихаттау. Сайыс барысында қатысушылар белсенділік танытты. Асық ату дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бекжанов Азаматтың түсіндіруімен ережеге сәйкес  өткізілді. Естелік суреттер  түсірілді және жасалынған жұмыс әлеуметтік желіге жарияланды.

Мектепте біртұтас тәрбие бағдарлама жоспары аясында дене тәрбиесі пәні мұғалімі Смағұлов Асылбектің ұйымдастыруымен 1-6 сынып оқушылары арасында "Тоғызқұмалақ - day" сайысы болып өтті. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, бос уақытын тиімді өткізуге баулу болып саналады

Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған "Ұлт мақтанышы" тақырыбында фотокөрме өткізілді. Мақсаты – оқушыларға өз ұлтының мақтанышы Қаныш Сәтпаев туралы таныстыру; оқушылардың болашаққа бағдар жасауы үшін өткен тарихын бойларына қалыптастыру; Қаныш Сәтпаевтың ғылым жолын және еңбектерін оқушылардың бойына дарыту; оқушыларға білімділікті, еңбекқорлықты, тарихты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Тағы да оқыңыз: