Шиелілік түлек ҰБТ-дан 138 ұпай жинады – Kyzylorda News
Басты бет

Шиелілік түлек ҰБТ-дан 138 ұпай жинады

14.06.2021, 10:20

898 0

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық бірыңғай тестілеуде қызылордалық түлек Сымбат Асылбек ең жоғарғы 140 ұпайдың 138 ұпайын жинады. Түлек Шиелі ауданындағы №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

«Таңдау пәнім – қазақ тілі мен әдебиеті. Маған тест сұрақтары қиындық туғызған жоқ. Мектеп қабырғасында алған білімім мен қосымша дайындығының арқасында осындай нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Сынып жетекшім әрі пән мұғалімі Қалмырза Гүлнар апайға және барлық пән мұғалімдеріне үлкен алғысымды білдіремін»,-дейді Сымбат Асылбек.

Айта кетейік, ұлттық тест 30 маусымға дейін жүреді. Әзірге дейін Қызылорда облысы бойынша 138 ұпай ең жоғарғы ұпай қатарында. Ал, екі оқушы 137 ұпай еншіледі.

0

Пікір қалдыру