Kyzylorda-news.kz.  Шиелі ауданында жеке және мемлекеттік балабақшалар өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. 

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қанат Әмзе және 75 жеке және 18 мемлекеттік балабақша өкілдері қатысты. 

Жиынды өткізудегі негізгі мақсат – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі бойынша орын алған өзгерістерді түсіндіру. Атап айтар болсақ, бұйрықта мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйесінің болуы, санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасау секілді бірнеше талаптар көрсетілген. 

Тиісінше, жоғарыда аталған талаптарды орындап, қажетті құжаттарды ұсынған балабақшалар ғана өз жұмысын одан әрі жүргізуге мүмкіндік алады. Заңға қайшы келетін мектепке дейінгі білім ұйымдары өз істерін тоқтатуы қажет.

Бұйрықтың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

317568470_1453216051875516_6358663544675446280_n.jpg
316674646_1453216261875495_4819785053802534565_n.jpg

Тағы да оқыңыз: