Kyzylorda-news.kz  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік студенттерге «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылып, қоғамда заң үстемдігін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ студенттерге құқықтық мәдениетті арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеу қажеттігі түсіндірілді.

коркыт.jpeg

Шараның басты мақсаты – шетелдік студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен насихаттау.

Тағы да оқыңыз: