Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткен есепті кездесуде шетелдік қандастарға 19 білім гранты табысталды.

Бүгінде оқу ордасында Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген 46 шетелдік студент білім алуда.

“Қорқыт Ата университетінде тегін білім алуға мүмкіндік алғаныма шын жүректен қуаныштымын және ризашылығымды білдіремін. Шетелде жүрген қандастар үшін бұл тарихи отанына келіп білім алу үлкен арман. Осы білім ордасында өз ана тілімде білім алу – мен үшін үлкен мәртебе әрі ерекше қуаныш”, -деді Ардақ Сандуғаш.

Айта кетейік, оқу ордасында жыл сайын білім алушылар саны артып келеді. Қазір университетте жалпы контингент саны 10 512 білім алушыны құрайды. Оның ішінде 4 905 студент мемлекеттік білім гранты бойынша оқиды. Биыл тұңғыш рет еліміздің өзге өңірлерінен 151 мектеп түлегі 1-курсқа қабылданды.

“Жыл сайын университетте контингент саны артып келеді. Бүгінде оқу ордасында 10 512 студент білім алуда, оның ішінде 4 905 мемлекеттік білім гранты бойынша оқиды. Биыл алғаш рет еліміздің өзге облыстарынан 151 түлек 1-курсқа қабылданды. Жалпы 2019-2020 оқу жылындағы студенттер санымен салыстырғанда жаңа оқу жылында білім алушылар 2 есеге, мемлекеттік грант негізінде оқитын студенттер саны 4,4 есеге өсті. Сонымен қатар, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген 46 шетелдік студент білімін жетілдіруде”,-деді университет басшысы Бейбіткүл Каримова.

Тағы да оқыңыз: