Kyzylorda-news.kz. Канададағы Лейкхед университетінің қауымдастырылған профессоры, философия докторы Сет Агбо «Шетел тілдері және аударма» БББ оқитын магистранттарға «Лингвомәдениеттану мен цивизизация мәселелері» пәнінен дәріс беруде.

«Профессор сабақ барысында білім беру үрдісі, оқушылармен жұмыс жасаудың оңай әрі тиімді тәсілдері туралы тәжірибесімен бөлісуде. Әртүрлі елдегі мектептердің оқыту технологиясы, ерекшелігі туралы ақпараттармен таныстық. Магистранттардың көбі мектеп мұғалімі болғандықтан, теорияны практика жүзінде қолдануға мүмкіндігі бар. Әрбір дәріс сайын жаңа бағдарламалар дайындалып, профессор ұйымдастыруымен дебат өткізіліп, жобалар қорғалуда», – деді Ая23-3м оқу тобының магистранты Ботагөз Мәдіғали.

Сонымен қатар, ғалым оқытушыларға арнап "Preparing Sholarly Manuscripts for Journals: instructors and new scholars" тақырыбында біліктілік арттыру курсын өткізуде.

Ғалым өткен жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің докторанттарына SCOPUS және  Web of Science  шетелдік басылымдарына  мақала жариялауға  байланысты дәріс өткізген болатын.

Айта кету керек, Сет Агбо Канададағы Лейкхед университетінде білім беру саласындағы зерттеулер, білім берудің әлеуметтік негіздері, салыстырмалы және халықаралық білім саласы бойынша дәріс өткізеді. Ғалым Лейкхед университетіне қарасты Thunder Bay, Ориллия кампусында еңбек еткен. Қазіргі лауазымына дейін Потсдамдағы Нью-Йорк мемлекеттік университетінде (SUNY) және АҚШ-тың Тынық мұхиты университетінде еңбек етіп, Білім беру және халықаралық бағдарламалар орталығының директоры қызметін атқарды.

Тағы да оқыңыз: