Kyzylorda-news.kz. «Сыртқы академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша РФ Ғылым академиясы Сібір бөлімінің, Новосибирск геология және минералогия институтының жетекші ғылыми қызметкері, г-м. ғ.д., профессор Сергей Кривоногов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушыларына дәріс өткізуде.
Ғалым қараша айынан бастап Жаратылыстану институтының «Биология, география және химия» кафедрасына қарасты 6В01517, 7М01517, 8D01517 – «Биология», 6В01518 – «География», 6В01515, 7М01515, 8D01515–«Химия» білім беру бағдарламасының білім алушыларына дәріс өткізіп, бірнеше бағытта ғылыми жұмыстар жүргізуде.
«Биология», «География», «Химия» БББ білім алушыларына «Изменения в масштабе орбитальных циклов земли», «Казахский сектор Евразии: «Природные изменения современной межледниковой эпохи и предшествующего оледенения», «Основы полеоклиматологии», «Изменения в масштабе тысячелетий», «Изменения тектонического масштаба», «Исторические и будущие климатические изменения» тақырыптары бойынша білім берді.
Ал 7М01517, 8D01517 – «Биология», 7М01515, 8D01515–«Химия» БББ магистранттары мен докторанттарына магистрлік және докторлық диссертация тақырыптары бойынша жан-жақты бағыт-бағдар беруде.
Профессор «Биология, география және химия» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына «Современная климатическая теория и изменения окружающей среды. Голоценовая история Аральского моря: уроки прошлого для понимания его современного состояния» тақырыбында семинар трениг өткізуде.
Сондай-ақ, «Биология, география және химия» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттарына Scopus және Web of Science базаларына кіретін басылымдарда мақалалар жариялау бойынша әдіс тәсілдерімен ой бөлісуде.
Ғалымның өткізген дәрістері мен семинар тренигтері әрбір тыңдаушыға кәсіби құзыреттіліктерін кеңейтуге, дағдыларының деңгейін жақсартуға және қызмет жүргізудің заманауи үрдістеріне бейімделуге мүмкіндік беруде.
