Kyzylorda-news.kz  Сарыкөл ауылдық округі әкімінің 2024 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстары жүйелі орындалуда. Қазалы ауданына қарасты Сарыкөл ауылдық округі құрамына Абай ауылы мен Жұбан елді мекені кіреді. Тұрғындар саны-1410 адам болып тұр. Оның – 668  ер, 742 әйел болды. Тұрғын үй  саны – 233, жанұя саны – 297-ні құрап тұр. Экономикалық белсенді халық – 759 адам тіркелген.  Экономикалық енжар халық - 651 адамға жетті.

Кәсіпкерлік, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамтуға байланысты Сарыкөл ауылдық округі бойынша кәсіпкерлер саны – 80-ге жетті. Оның ішінде, 29 шаруа қожалығы, 1 заңды тұлға, 3 азық – түлік дүкені, 7 такси және 40 әртүрлі салада  жұмыс  жасайтын жеке кәсіпкерлер  бар.  Белсенділігі жүз пайызға жуықтады.

– «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2 адам оқып бітірді. Осы жылы «Нұрболат» шаруа қожалығы жылқы өсіру мақсатында «Ауыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы  100,0 миллион теңге несие алды. Осыдан бөлек, 3 жоба «Ауыл аманаты» жобасына, 2 ауыл тұрғыны жастарға арналған жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуға құжаттарын дайындауда.

15 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған және 2 жас маман жастар  практикасына, 2 адам әлеуметтік жұмыс және 2 адам «Күміс жас» жобасымен жұмысқа  жіберілді. Осы жылы 4 адам  тұрақты жұмысқа  орналасқан. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына 1 отбасы қатысып, 5 мүшесіне 22,5 мың  теңге көмек тағайындалды.

Абай ауылын 2023 жылдан бастап, көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы аяқталған, – дейді Сарыкөл ауылдық округінің әкімі Рақымжан Бердімұрат..

Сарыкөл ауылдық округіндегі ауыл шаруашылығында ілкімді істер байқалады. Сарыкөл ауылдық округі бойынша 2024 жылдың   3 айында 11661 бас тіркелген. Оның, 3460 бас мүйізді ірі қара, 2882 бас қой, 1901 бас ешкі, 2861 бас жылқы, 557 бас түйе бар. Барлық мал басы бірдейлендірілген. Ауылдық  ветеринариялық  пункт қызметкерлері  тарапынан  жоспарланған екпе  егу, диагностикалық  зерттеулер және  профилактикалық  іс-шаралар кезең – кезеңімен  жүргізіліп  келеді.

Биылғы жылы ауылдың жанынан 12 гектар жерге 25 ауыл тұрғыны бақша егуге ниеттеніп отыр. Бұдан бөлек, «Алтайр» шаруа қожалығы 3 гектар  қауын, 2 гектар қарбыз, 1 гектар картоп, 4 гектар асқабақ және 10 гектар жоңышқа егу жоспарлауда.

Сарыкөл ауылдық округі бойынша көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына тұрақты жүргізілді.Елді мекеннің  орталық  бағына 250 түп ағаш отырғызылды.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласында да даму бар. Абай ауылындағы №90 орта мектепте 12 сынып комплектісі бар. Қазіргі таңда мектепте – 214 оқушы білім алуда. 12 әкімшілік құрам, 33 мұғалім және 38 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды.

Абай ауылдық дәрігерлік амбулаториясы 2023 жылдың желтоқсан айында ел игілігіне берілді. Амбулаторияда 1 дәрігер, 7 мейіркеш жұмыс жасайды, 1 жедел жәрдем автокөлігімен және 4 орындық күндізгі стационармен бөлімімен қамтамасыз етілген. Халыққа медициналық көмектер ұдайы көрсетіліп келеді. Жұбан  елді-мекеніндегі  медициналық бекетте  1 фельдшер, 2 техникалық  қызметкерлер  жұмыс жасайды.

Ауылдағы №23 «Қарлығаш» балбақшасында 50 бала тәрбиеленуде. Онда 9 жоғары білімді педагог-қызметкерлер  және 17 техникалық қызметкер жұмыс жасайды.

Ауылдық кітапханада 22722 кітап қоры бар. Оқырмандар саны 627 адам, оның ішінде, 209-ы мектеп оқушылары.

Ауылдық клубта әрбір мерекелі күн атап өтіледі. Сонымен қатар, жоспарланған мәдени іс-шаралардың ауыл тұрғындарының қатысуымен өткізілуде.

Ауылдық клубта биылғы 3 айда 8 түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді. Сарыкөл ауылдық округі, Абай ауылында сервистік ауыз су жүйесі толығымен тартылған. Оған «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбыры бөлімшесі қызмет көрсетеді.

Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылыққа қарсы күрес. Сарыкөл ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ай сайын және тоқсан сайын құқықтық оқу, семинарлар, профилактикалық шаралар өткізілді.

Сарыкөл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін көтеру мақсатында келешекке болжанған жоспарлар легі жетерлік. Сондағы алдағы уақытта атқарылатын міндеттеріне – шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге жұмыс жасау; ауылдағы тозығы жеткен электр желілері мен құлау қаупі бар бағаналардың ауыстырылуына ықпал жасау; Сырдария, Саймаханов және Жаңа ауыл  көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жатады. Сонымен қатар, Ілияс Саймаханов, Жаңа ауыл көшелерінің жолына жөндеу жұмыстарын кезең кезеңімен жүзеге асыру көзделіп отыр.

Тағы да оқыңыз: