Kyzylorda-news.kz    Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершіліктерін күшейту, құқықтық білім беруде білім саласы мамандары мен ата-аналардың рөлдерін үйлестіру мақсатында «Саналы ұрпақ – жарпқын болашақ» тақырыбында колледжішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысты колледж директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. 

Қазалы АПб-і ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры Бегалиева Махаббат Төлепбергенқызы Қазалы ауданы бойынша жасөспірімдер арасында орын алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы баяндама жасап, құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық – зомбылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігін сақтау бағытында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, балаларды қатаң бақылауда ұстау керектігін ата-аналарға ескертті. 

Мұнан кейін директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Шарбану Толыбайқызы мен директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Арзақынов Қаршыға Меңдіқұлұлы 2023-2024 оқу жылындағы білім алушылардың мемлекеттік емтихандарының ұйымдастырылуы мен өткізілу барысына, атап айтқанда, ағымдық және қорытынды аттестаттаудан өткізу, диплом жұмыстарын қорғау туралы хабарлама жасады.

Қазалы ауданы төтенше жағдай бөлімінің маманы азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Бүркіт Сұлтанай Серікқалиұлы жаз мезгілінде су айдындарында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру мақсатында төтенше жағдайлар департаментімен су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаз мезгіліндегі білім алушылар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдай орын алатын суға шомылу, өрт, тоқ көздерін қолдану кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу шаралары бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратты. 

Колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңылова Гүлазат Инабатқызы ата – аналарға балаларды бақылауда ұстап, жаз бойы топ кураторы, шеберлерімен және колледжбен байланыс жасап, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасына қатыстыруға болатындығы туралы ескертті. 

Еске сала кетейік, Қызылорда облысында «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталған болатын. Сырбойылық жастар жаз бойы «Таза Қазақстан» эко-науқанына атсалысып, қоршаған ортаны көркейтіп, көгалдандыруға өз үлесін қосатын болады. 

Биыл жастар Президенттің эко бастамасын қолдап, «Таза Қазақстан» науқанына белсенді атсалысып жатыр. Жаздың үш айында облыс бойынша 1800-ден аса белсенді жас, жасыл елдің құрамында еңбек етіп, қала мен ауыл-аймақтың тазалығы мен гүлденуіне сүбелі үлесін қоспақ.

Еңбек жасағына 16 мен 35 жас аралығындағы қыз-жігіттер ерікті түрде қабылданады. Және де жастар игі бастамаға қолдау көрсетіп қана қоймай, жасыл ел жобасы аясында еңбек ақы алатын болады.

 

Қорлан САРЫ

Фото:tilmedia.kz

Тағы да оқыңыз: