Kyzylorda-news.kz Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының Қоғаммен байланыс және маркетинг департаментінің директоры Абзал Орынбасаров М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде оқу орнының бітіруші топтардағы білім алушыларына кәсіби бағдар жұмысын өткізді. Мақсаты – мамандық бойынша жоғары білім алу ерекшеліктерін түсіндіру.

Шара барысында университет өкілі колледж түлектеріне жоғары оқу орындарына түсу ерекшеліктері, құжаттарды қабылдау, жұмысқа орналасу және қосымша білім алу мүмкіндіктері турасында толыққанды мағлұмат беріп, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, бітірушілердің сұрақтарына нақты жауап беріп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, колледж бітіруші түлектерге оқуын әрі қарай жалғастыруына мол мүмкіндік береді. Сондықтан да мамандық туралы білім және түсінік жүйесін қалыптастыруда кәсіби бағдар берудің қызметі орасан зор. 

Тағы да оқыңыз: