Kyzylorda-news.kz.  Жасөспірімдердің бос уақыттын тиімді пайдаланып, қабілет-қарымын шыңдап, зейінін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Экононикасы дамыған озық елдің отыздығына енуді мақсат тұтқан еліміз жас өрендерді ерте жастан ғылымға, жаңа технологияға бейімдеуді үрдіске айналдыуда. Осы бағытты негізге алған аудандық оқушылар орталығында үйірме жұмыс істейді. Біз бүгін осы үйірме жетекшісі Дастан Қадыровты әңгімеге тарттық.

– IT технопаркі бізде 2017 жылдан бастап робототехника үйірмесі жұмыс жасап келеді. Қазіргі заманауи жабдықтармен жабдықталған. Робототехника кабинеті LEGO mindstorms EV 3 жинақтарымен жабдықталған. Оның ішіндегі бөлшектер майда детальдары. Балалардың ойлау қабілетін, қолдын моторикасын дамытады. Бүгінде ауылдағы мектептерде де робототехника үйірмелері ашылуда. Бұрын қаланың білім ордаларында мұндай сабақтар жүргізілсе, енді ауыл балалары инновациялық игіліктерді меңгеруіне мүмкіндігі мол. IT технопаркінде 3 үйірме бар. Олар Smartlab, 3D әлемі, робототехника. Smartlab үйірмесінде балалар IT программалық тілдерді үйренеді. 3D әлемі 3 өлшемді сызба сызады. Жасаған сызба жұмыстарын 3D принтерімен шығарады.
Қазіргі таңда аудан орталығындағы мектептерден робототехника үйірмесіне 36 оқушы келіп дәріс алады. Шыны керек, күн өткен сайын балалардың қызығушылығы артып келеді. Техника құрастыру оңай емес. Оған уақыт, білім, күш-жігер қажет. Робототехника үйірмесінен қатысушылар математика, информатика, физика, ағылшын геометрия, пәніндегі формулалармен жан-жақты зерделі жұмыс істейді. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйренсе үйірмеде сол формуланы пайдаланып тәжірибе жүзінде шындайды. Физикалық күш арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Программалары көбіне ағылшын тілінде. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, теориялық ілімді тәжірибе жүзінде жүзеге асырады. Оқушылар 3 топқа бөлініп әр топта 12 оқушыдан болады. Олар роботты құрастыруды және бағдарламалау негіздерін үйренеді. Үйірмеге жас ерекшеліктеріне қарай 9 жастан жоғары жеткіншектерді, ал кейде ынтасы жақсы оқушыларды да қабылдаймыз. Мұнда олар роботтардың жеңілінен бастап күрделісіне дейін жасап шығады, – дейді.

 Оның сөзінше, оқушылары түрлі деңгейде робототехника бойынша облыстық, республикалық жарыстарда көзге түсіп жүлделі орындарды алып жүр. Әр бала өз қиялындағы еркін тақырыпта роботын қағазға түсіріп, оның бөлшектерін құрап, әрі бағдарламасын әзірлейді. Өзінің арнайы бағыттайтын датчиктері бар. Мәселен, бірі түсті ажыратады, екіншісі кедергіні ажыратып, үшіншісі бөлменің температурасын ажыратады. Тек құрастырып қана қоймай, компьютермен бағдарлама жазады. Жарыс болса жарыстың ережесіне сәйкес қылып жазады. Бұл процесс баланың шыдамдылық төзімділігімен қатар зейініңде арттырады.

Робот баланың ойлау қабілетін жақсартып, өмірге деген қадамына сенімділік білдіреді. Соның нәтижесінде жас буынмен бірге еліміздің робототехника саласы да бой көтеруде. Адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті өмірде қолданатын уақыт та алыс емес.

Иа, жас буынның уақытты ұтымды пайдаланып, бос уақытын тиімді пайдалануда үйірмелердің алар орны ерекше. Әсіресе, ауыл жастарының белгілі-бір өнер түріне ынтасын аударып, олардың қандай өнерге неге икемді екенін де танып білу маңызды. Осы бағытта аудандан көптеген үйірме жұмыс жасап, оның біршамасы «Үздік» атанған. 

Жалпы, ауданда клуб жанынан құрылған 111 үйірме жұмыс жасайды. Оның 15-і кент орталығында болса, 96-сы елді-мекендердің клуб жанынан ашылған. Осы үйірмелерде 1126 бала өнердің әр бағытында тәрбиеленуде. Әсіресе, ән мен биден, сахналық көріністерден өнер көрсетіп, түрлі шыңдарды бағындырып жүргендері аз емес.

Мәселен, Байкенже ауылдық клуб үйінің жанынан құрылған Құралай Әлиеваның жетекшілігіндегі «Ырғақ» ән үйірмесінің асқан асулары көп. Үйірмеде тәлім алатын алты оқушы халықаралық жарыстарға дейін барып, жүлделі оралған. Мәселен, үйірме оқушысы Сұлтанахмет Төлегенов облыстық «Бозторғай – 2022» байқауынан ІІІ-орын алса, Жәния Жанболатқызы Республикалық «Асыл мұра – 2023» ән-би байқауынан І-орынды қанжығасына байлаған. Сонымен қатар, «Ғұмырдария – 2021» халықаралық байқауынан С.Төлегенов пен Ескендір Ералы бас жүлдені, Нұрасыл Қансейіт ІІ-орынды иемденген. Сондай-ақ, Байкенже ауылында «Ырғақ» ән үйірмесімен қатар, «Дастан» домбыра үйірмесі мен «Бай өлке» әзіл-сықақ драма үйірмесі жұмыс жасайды.

Жаңарық ауылдық клуб үйінің жанынан құрылған «Самғау» би үйірмесі үйірме 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Құрамында 16 бала бар. Жетекшісі Жадыра Ахметова. Үйірме оқушылары қатарынан облыстық «Бозторғай» сайысына қатысып жүлделі оралған. 2021 жылы VІ-Республикалық «Асыл мұра» ән-би байқауының «Би» жанрының І дәрежелі лауреаты атанған. Ал, 2023 жылы аудандық «Ең үздік би үйірмесі» сайысының І-орнын қанжығасына байлаған. Осы үйірмемен қатар, Жаңарықта «Үркер» домбыра үйірмесі мен «Вокал» ән үйірмесі жұмыс жасайды. 

Бесарық бекетіндегі клуб үйінде «Бауырсақ» қуыршақ үйірмесі 2016 жылдан бері қарай жұмыс жасап келеді. Үйірме шәкірттері өз кезегінде ауылдағы бала бақшаларды аралап, «Шалқан», «Қызыл телпек», «Алтын балық» ертегілерін сахналап жүр. Аптасына екі рет дәріс оқылатын үйірме құрамында бүгінде 10 дарынды бала тәлім алуда. Үйірме жетекшісі Роза Мәдиеваның тынымсыз еңбегінің арқасында үйірме ауданда үздік танылды. Олар ауданда ұйымдастырылған «Үздік драма үйірмесі – 2023» байқауынан І-орныды иемденген.

Кейден ауылдық клуб үйі жанындағы директоры Балмұхамед Әбжаппаровтың ұйымдастырған «Күлеміз бе, қайтеміз?» драма үйірмесіне қосымша ауылдың дарынды балаларының басын қосқан, оқушылар арасынан көңілді тапқырлар клубы бүгінде көпке танымал. Құрамында 10 бала ойнайтын КТК тобы 2013 жылы құрылып, облыстық «Жас ұлан» балалар жайдаманынан ІІІ-орынды қанжығасына байлаған. Ауданнан 2023 жылы оқушылар арасындағы КТК ойындарынан І-орынды, 2022 жылы «Жазғы кубоктан» І-орынды, аймақтық «Жайдарман-2022» І-орынды жеңіп алған. Сонымен қатар құрамадағы оқушылар «Күлеміз бе, қайтеміз?» әзіл-сықақ отауының құрамында да өнер көрсетеді. Жаңарықта драма үйірмесімен қоса, «Көркем сөз» көркем сөз оқу үйірмесі, «Алтын дауыс» ән үйірмесі жұмыс жасайды.

Қожакент ауылдық округінде клуб үйінің жанынан құрылған «Сырлы саз» домбыра үйірмесі де бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. Фархат Бакировтың жетекшілігіндегі үйірмеде 15 бала өнермен сусындауда. Үйірме аудандық «Жас таланттар» домбырашылар сайысынан І-орынды жеңіп алған. Сонымен қоса, Қармақшы ауданында өткен облыстық «Үздік домбыра үйірмешілері» сайысы мен аудандық Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған байқаудан жүлделі орын алды.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің қабілет-қарымын шыңдап, зейінін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Экононикасы дамыған озық елдің отыздығына енуді мақсат тұтқан еліміз жас өрендерді ерте жастан ғылымға, жаңа технологияға бейімдеуді үрдіске айналдыуда. Осы бағытты негізге алған аудандық оқушылар орталығында үйірме жұмыс істейді. Біз бүгін осы үйірме жетекшісі Дастан Қадыровты әңгімеге тарттық.

– IT технопаркі бізде 2017 жылдан бастап робототехника үйірмесі жұмыс жасап келеді. Қазіргі заманауи жабдықтармен жабдықталған. Робототехника кабинеті LEGO mindstorms EV 3 жинақтарымен жабдықталған. Оның ішіндегі бөлшектер майда детальдары. Балалардың ойлау қабілетін, қолдын моторикасын дамытады. Бүгінде ауылдағы мектептерде де робототехника үйірмелері ашылуда. Бұрын қаланың білім ордаларында мұндай сабақтар жүргізілсе, енді ауыл балалары инновациялық игіліктерді меңгеруіне мүмкіндігі мол. IT технопаркінде 3 үйірме бар. Олар Smartlab, 3D әлемі, робототехника. Smartlab үйірмесінде балалар IT программалық тілдерді үйренеді. 3D әлемі 3 өлшемді сызба сызады. Жасаған сызба жұмыстарын 3D принтерімен шығарады.

Қазіргі таңда аудан орталығындағы мектептерден робототехника үйірмесіне 36 оқушы келіп дәріс алады. Шыны керек, күн өткен сайын балалардың қызығушылығы артып келеді. Техника құрастыру оңай емес. Оған уақыт, білім, күш-жігер қажет. Робототехника үйірмесінен қатысушылар математика, информатика, физика, ағылшын геометрия, пәніндегі формулалармен жан-жақты зерделі жұмыс істейді. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйренсе үйірмеде сол формуланы пайдаланып тәжірибе жүзінде шындайды. Физикалық күш арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Программалары көбіне ағылшын тілінде. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, теориялық ілімді тәжірибе жүзінде жүзеге асырады. Оқушылар 3 топқа бөлініп әр топта 12 оқушыдан болады. Олар роботты құрастыруды және бағдарламалау негіздерін үйренеді. Үйірмеге жас ерекшеліктеріне қарай 9 жастан жоғары жеткіншектерді, ал кейде ынтасы жақсы оқушыларды да қабылдаймыз. Мұнда олар роботтардың жеңілінен бастап күрделісіне дейін жасап шығады, – дейді.

Оның сөзінше, оқушылары түрлі деңгейде робототехника бойынша облыстық, республикалық жарыстарда көзге түсіп жүлделі орындарды алып жүр. Әр бала өз қиялындағы еркін тақырыпта роботын қағазға түсіріп, оның бөлшектерін құрап, әрі бағдарламасын әзірлейді. Өзінің арнайы бағыттайтын датчиктері бар. Мәселен, бірі түсті ажыратады, екіншісі кедергіні ажыратып, үшіншісі бөлменің температурасын ажыратады. Тек құрастырып қана қоймай, компьютермен бағдарлама жазады. Жарыс болса жарыстың ережесіне сәйкес қылып жазады. Бұл процесс баланың шыдамдылық төзімділігімен қатар зейініңде арттырады. Робот баланың ойлау қабілетін жақсартып, өмірге деген қадамына сенімділік білдіреді. Соның нәтижесінде жас буынмен бірге еліміздің робототехника саласы да бой көтеруде. Адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті өмірде қолданатын уақыт та алыс емес.
 

Тағы да оқыңыз: