Kyzylorda-news.kz  Астана қаласында  23-25 қараша аралығында  өткізілген «Worldskills Kazakhstan - 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Сан түрлі мамандықтарды меңгерген жастар интеллектуалдық қуаты мен білігін ортаға салып, 30 құзырет бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті. 

Чемпионатқа 545 студент 510 сарапшы қатысып, өз жұмыстарын ортаға салды. Іс-шараға премьер-министрдің орынбасары Т.Б.Дүйсенова, ҚР оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, әлеуметтік әріптестер, кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Үш күнге созылған чемпионаттың нәтижесінде Қызылорда облысының намысын қорғауға 19  үміткер қатысып, нәтижесінде 6 студент үздік деп танылып, 1 алтын, 1 қола, 4 «Үздік маман» номинациясымен марапатталды. 

«Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің студенті Дінмұхаммед Қауынбаев  «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреті бойынша ұлттық чемпионаттан жүзден жүйрік атанып, облыстың мәртебесін асқақтатып «Алтын медальді» қанжығасына байлады.

 

 

 

 

 



 

 

 

Тағы да оқыңыз: