Kyzylorda-news.kz  Астана қаласындағы EXPO Конгресс-орталығында 25-26 сәуір күндері ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп оқушылары мен студенттік кәсіпкерлік ұлттық кубогы өтті. Қазақстанның барлық өңіріндегі мектеп оқушылары, колледждер және ЖОО студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылары бас қосатын байқауда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері де бақ сынады. 

Былтыр чемпионатқа 100-ден астам команда қатысқан болатын. Бұл командалар оқу жылы бойы әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық жобаларды әзірледі. Білім сайысының нәтижесінде Қарағандыдан келген ENACTUS BUKETOV UNIVERSITY кубок иегері атанды. Команда ұлттық чемпионы атағымен қоса Нидерландының Утрехт қаласында өтетін  ENACTUS World Cup 2023 кубогында өнер көрсетуге жолдама алды. Ал биылғы ұлттық кубок үшін студенттік 16 команда бақ сынады. Нәтижесінде ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 байқауында Талдықорған қаласындағы Жетісу университеті чемпион атанды. 2-орын ZhansugurovCollege,  AstanaMedicalUniversity 3-орыниеленді. 

Жартылай финал барысында Топ-16 үздік команда қатарына енген командалар арасында 4лига ұйымдастырылды. 1-лига аясында  «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақстан-Британтехникалық университеті, ZhansugurovCollege, AstanaMedicalUniversity, 2-лигада Turan университеті, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті», «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті», "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" жоба қорғады. Келесі лига бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және республика бойынша 7команда жобаұсынды.

Мектеп оқушылары кәсіпкерлігінің V республикалық чемпионатына арнайы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты бөлінді. Байқаудың жартылай финалына 16 мектеп командасы қатысты. Атап айтсақ, IB Назарбаев Зияткерлік мектебі, 15 мектеп, Астана халықаралық мектебі, Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы Білім-Инновация мектебі, Астана Білім-Инновация мектебі, Астана қаласындағы №12 Назарбаев Зияткерлік мектебі, Iqanat№6,Павлодар қаласындағы №5 Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қаласындағы №6 Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана халықаралық №1 мектебі, Шымкент қаласындағы №8 Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қарағанды қаласындағы №7 Назарбаев Зияткерлік мектебі, Семей қаласындағы №2 Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана Білім-Инновация мектебі, 210 мектеп-лицей, Ақтөбе қаласындағы №2 Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.Мектеп оқушыларынан құралған командалар қазылар алқасынының алдында инновациялық жобаларын қорғады. Нәтижесінде 3 команда жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар тапқырылығымен көзге түскен командаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқу гранты табысталды. 

«ENACTUS – лидерлік, кәсіпкерлік және  дербестік мектебі. 15 жыл ішінде біз талантты және мақсаты биік балаларға студенттік жылдардан бастап табысты мансап пен бизнес құруға мүмкіндік беретін тұтас әлеуметтік институтты құра алдық», – деді бағдарлама жетекшісі, & CEO ENACTUS KAZAKHSTAN президенті Альбина Ержанова.

Былтыр «Enactus Korkyt Ata university» командасы экологиялық табиғи таза өнім әзірледі. Олар «Active seat» көрпешесін күріш қауызынан жасап шығарды.Сондай-ақ, Enactus Korkyt ata ұйымы өткен жылы 5-8 сынып оқушыларына тегін қаржылық сауаттылық курсын жүргізді. Бұл сабақтар KMF&KMF-Демеу Корпоративтік қорының «FINBOSS» қаржылық сауаттылық негіздері» аясында өтті.Ал биыл жаңа идеялар мен стартаптардың басы-қасында жүретін студенттер жаңа инновациялық жобаға жаңа жоба әзірледі.ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 – Қазақстандағы ENACTUS халықаралық бағдарламасының қатысушыларының жоба бойынша нәтижелерінің жыл сайынғы көрмесі. Іс-шараға демеуші компаниялардың көрмесі, бос орындар жәрмеңкесі, іскерлік кездесулер, питчинг және қатысушыларға арналған арнайы байқаулар кіреді.Басты оқиға студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогының финалы болып табылады, оның нәтижелері бойынша жеңімпаз команда ENACTUS WORLD CUP 2024 әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау құқығын алады.ENACTUS тарихында әлемдік кубоктар Лондон, Париж, Йоханнесбург, Пекин, Вашингтон сияқты қалаларда өтті, биыл Дүниежүзілік біріншілікті өткізу құқығын біздің еліміз жеңіп алды. Бірінші рет ТМД-да, атап айтқанда, Қазақстанның елордасы Астана қаласында үздік студенттік бизнес – жобалардың Әлемдік кубогы өтеді.Ауқымды сайыстың ұйымдастырушысы – ENACTUS Kazakhstan қоры. Ал ресми демеушілер – Olzha Agro, KMF&KMF-Демеу, TURAN табиғи суы, Eurasian Resources Group, Raimbek Group, KT Cloud Lab, White&Case, Caravan Resources, Kazakhstan Mining, TSSP, KazAgroFeed, ABS Строй, Leader Еngineering group, NES Kazakhstan. Ресми серіктестер – «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Атамекен» ҰКП, ҚР жоғары білім және ғылым министрлігі.Бағдарлама бойынша World Cup League: ENACTUS Ұлттық кубогы, ENACTUS World Cup 2024 әлемдік кубогына жолдама үшін басты байқау алаңы, Early Stage League: ерте кезеңдегі жобалар байқау алаңы, ENACTUS #NextGenLeaders Мектеп кәсіпкерлігінің V Республикалық чемпионаты, Колледж студенттері арасындағы ENACTUS Kazakhstan кубогы өткізілді. ENACTUS KAZAKHSTAN Ұлттық кубогында жас көшбасшылар 17 ТДМ-ға қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық жобаларды көрсетті.

Enactus – Қазақстандағы студенттер мен оқушылардың әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында белсенді білім алуына мүмкіндік беретін ауқымды бағдарлама. Бұл жай ғана практикалық алаң емес, нағыз майталмандардың мекені. Студенттер мен мектеп қатысушыларының арасындағы бәсекелестік ауқымды нәтиже алып келеді. Жыл сайын белсенді түрде EnactusKazakhstan штаб-пәтері 10-нан аса ауқымды іс-шара ұйымдастырады. Оларға тоқтала кетсек, бизнес командалардың академиялық мерзім арасында көрсеткен нәтижелерін қорытындылау үшін Ұлттық студенттер мен мектеп оқушыларының кәсіпкерлік чемпионаты өтеді. Республикалық деңгейдегі іс-шара еліміздің төрінде, Астана қаласында ұйымдастырылады. Қазақстан бойынша 2000-нан астам қатысушының жыл бойы жасаған жобалары таразыға салынып, еліміздің чемпионы анықталып, Enactus әлемдік кубогында Қазақстан Республикасын таныстыру құрметіне ие болады. Келесі маңызды іс-шаралардың бірі – күзгі бизнес-форум. Бұл бизнес-форумда қарапайым студенттер еліміздің бетке ұстар көшбасшыларымен, бизнесмендерімен бір алаңға жиналады. Форум – жаңа идеялар, жобалар, таныстықтар ғана емес, бұл іс-шара студенттерге, жаңа командаларға, олардың бизнес жобаларын одан әрі дамытуға серпін береді. Қыс пен жаз айларында бизнес-лагерь ұйымдастырылады. Онда студенттер үшін оқу бағдарламасы жасалып, кезекті Ұлттық чемпионатқа дайындық жүргізіледі. Сондай-ақ EnactusKazakhstan директорлар кеңесі, академиялық кеңесі, түлектер қауымдастығының мүшелері келіп, студенттердің жобаларын тыңдап, өз ойларымен бөліседі. EnactusKazakhstan штаб пәтері жыл сайын өңірлер бойынша тренингтер, яғни RoadShow өткізеді. 2023 жылы 5 қалада RoadShow өтті, онда 12 облыстан 52 оқу орны қатысты.

Халықаралық Enactus ұйымы 2022-2023 оқу жылында  Қызылордада «RoadshowEnactusKazakhstan» республикалық форумын ұйымдастырды. Ауқымды жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары, мектеп оқушылары, жас кәсіпкерлер қатысып, инновациялық жобаларымен таныстырды.Форум аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ректорының міндетін атқарушы Нұрлан Уразбаев пен EnactusKazakhstan қорының президенті Альбина Ержанова ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта меморандум шеңберінде жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамытатын жобалар жүзеге асады.

Республикалық форумда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева оқу орнында бизнес бастағысы келетін жастарға мол мүмкіндік қарастырылғанын атап өтті.

Мұнан бөлек жиында EnactusKazakhstan қорының президенті Альбина Ержанова, жоба директоры Маржан Жанғали презентациямен таныстырып, алдағы жоспарлар, оқушылар мен студенттерге арналған жаңа мүмкіндіктерді айтты. Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Тубекбаев бизнес идеяны жүзеге асыру, инвестор тарту жолдарын түсіндірді.

Айта кету керек, Enactus – кәсіпкерлік мүмкіндігін сынап көргісі келетін студенттер және іскер көшбасшылардың басын біріктіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым. «RoadshowEnactusKazakhstan» республикалық форумы Қазақстанның 5 қаласында өтеді. Форумның алғашқы легі 29 қыркүйек күні Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылып, оған  жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.   

Сондай-ақ, жыл сайын Алматы қаласында республикалық форум өтеді. Алматы қаласының "Бақшасарай" қабылдау үйінде “BUSINESS COLLABORATION FORUM 2023” өтті. Форумға Республиканың 51 оқу орнының мектеп оқушылары мен студенттері, кәсіпкерлер және ENACTUS бағдарламасының қонақтары қатысты. Бизнес-форум барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жастар өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды. Іс-шараның алғысөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров форумға қатысып жатқан жастарға сәттілік тіледі.

- 1995 жылдан бастап Қазақстанда ENACTUS жобасы дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың өзіндік идеяларын енгізіп, бизнес-жобаларды жүзеге асыруда. Алматы - студенттер қаласы. Шаһарда 35 ЖОО орналасқан. Онда 200 мыңға жуық студент білім алып келеді. Өткен жылы Алматы қаласының әкімдігімен 2025 жылға дейінгі қаланың даму бағдарламасы бекітілді. Оның ішінде қала жастарына білім беру, жұмыспен қамту, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне аса мән берілді. Қысқа мерзімді курс оқып, жұмыс табуға мүмкіндік беретін JasAlmaty.kz порталы іске қосылды. Сәуір айында жас кәсіпкерлер клубы құрылды. Қорытындылай келе, әрқайсысыңызға бизнесте табысқа жетуді тілеймін, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

ENACTUS Kazakhstan ұйымының Президенті Альбина Ержанова еліміздің “ENACTUS WORLD CUP 2024” студенттік кәсіпкерліктің Әлемдік кубогын өткізу құқығын жеңіп алғанын атап өтті.

- Оқу жылының соңында үздік бизнес-жобалар ENACTUS Kazakhstan кубогына қатысады. Онда жеңіске жеткен жоба әлемдік жарысқа жолдама алады. Жақында ғана біз ENACTUS-тың әлемдік кубогынан келдік. Онда Қазақстан келесі жылы өтетін студенттік кәсіпкерліктің Әлемдік кубогын өткізу құқығына алғаш рет ие болды. Әлемнің үздік университеттері мен үздік командалары Астана қаласында 2024 жылы жиналады, - деді ENACTUS Kazakhstan ұйымының Президенті Альбина Ержанова.

Сондай-ақ, форум аясында ENACTUS Kazakhstan EXPO - инновациялық, экологиялық, әлеуметтік, digital және бизнес жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

- Біздің жобамыздың аты - “Silk Route”. Бұл жобамен 2022 жылдан бері айналысып келеміз. Қазақстан бойынша шунгит өнімдерін тек Талдықорған аумағында Көксу ауылында табуға болады. Біз осы шикізатты пайдала отырып 4 өнім шығарамыз: ұнтақ, сабын, акссесуар және сусын. Олар тері ауруларының қабынуын емдеуге көмектеседі. Оның барлығын біз қолмен жасап отырмыз. Бірақ 2024 жылдан бастап Талдықорған қаласында кәсіпкерлермен келісіп зауытта шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазір жобамыздың табысы 700 мыңнан асты, - деді ENACTUS Жансүгіров колледж командасының өкілі Мейрамбек Омархан.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері “BUSINESS COLLABORATION FORUM 2022” республикалық форумда «Шеңбер» жобасын ұсынған болатын. Бұл қазақ тілінде кәсіби және сапалы дубляж жасайтын жоба. Айта кетейік, «Шеңбер» жобасы Алматы қаласында өткен «Business Collaboration Forum» республикалық іс-шара аясында арнайы байқауға қатысып, қаржылай жүлде иеленген болатын.

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: