Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық оқушы Айзат Ербол Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған кәріс этносының өкілдерінің кешегі мен бүгінін өз еңбегіне арқау етіп, Алматы облысында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауынан бірінші орынды жеңіп алды.

Білімге құмар жасқа Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақов және №212 мектеп-гимназиясы Тарих пәнінің мұғалімі Зейнеш Атеева жетекшілік етіп, зерттеу жұмыстарына қолдау білдірді.

Тақырыпты зертеу барысында жас ғалым Достық үйіне келіп, өзін қызықтырған корей этносы жайлы тың деректер мен мағлұматтар алды. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік мәдени модельдері» тақырыбында өткен байқаудың төрт бағытынан сүрінбей өтіп, жүлделі орынды ие болды.

Тағы да оқыңыз: