Қызылордада оқушылардың 92,4 пайызы компьютермен қамтылмақ – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада оқушылардың 92,4 пайызы компьютермен қамтылмақ

06.08.2020, 18:20

977 3

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында оқушылардың 92,4 пайызы электронды құрылғылармен қамтамасыз етілген. Олардың қалған бөлігін тиісті құрылғымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Аталған мәселе Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде кеңінен талқыланды.

Елімізде коронавирус жағдайына байланысты алдағы оқу жылы қашықтан оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Осыған орай электронды құрылғылармен қамтамасыз етілмеген оқушыларды тиісті жабдықтармен қамту үшін тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Интернет пен ұялы байланыс қолжетімсіз саналатын 2418 отбасында тәрбиеленіп жатқан өрендер «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен мобильді интернетке қосу мәселесі ойлатырылуда. Сондай-ақ, компьютермен қамтылмаған 54 мұғалімге облыстық және қалалық мұғалімдер кәсіподағының демеушілігімен электронды құрылғылар беріледі.

Десе де интернет мәселесіне байланысты бірқатар қиындықтар кездеседі. Атап айтқанда, Сырдария өзенінің сол жағалауы, «Саяхат», «Сабалақ», «Бәйтерек» мөлтек аудандарында интернет жылдамдығы төмен. Осы мәселені шешу бойынша «Қазақтелеком» және өзге де байланыс орталықтарымен интернет жылдамдығын күшейту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыс орталығында бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады.

Биыл Қызылорда қаласындағы барлық білім беру мекемелерінде ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында қалалық білім бөліміне қарасты № 43, 112, 173, 23 мектептерде және Белкөл кентіндегі «Балапан» балабақшасына күрделі жөндеу жасалуда.

Жаңа оқу жылында Жаппасбай батыр көшесінің бойынан 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Жезқазған трассасы бойындағы «Бәйтерек» шағын ауданында 600, Саяхат және Демесінов көшесінің бойынан жеке инвестор қаржысымен 800 балаға арналған 2 жеке мектеп құрылысы салынуда.

Қала басшысы аталған жұмыстардың жүйелі атқарылуын сала мамандарына нықтап тапсырды.

3

  • Саламатсыздарма Шымкент каласында мектепте ноутбук сатып ал деп
    Жатир егер Маган да сатып ал десе менин жагдайын жок озим коп балалы анамын ушеуі окиды калай Алам жалдамалы патерде турамин егер ноутбук ала алмасам менин балдарым окымайма.

  • Салеметсизбе,менын отбасымнын турмысы төмен болұандыктан мен уш окушы балаларыма компьютер ноутбук тугелі кәдімгі сенсорный телефон алып беруіме жағдайым жок.калалык собезде кайырымдылык корларынан азык тулік кейде беріп турады.оғанда шукір етіп отырғанымда балапандарымды онлайн сабағына калай оқытатыныма білмей отырмын.кімнен көмек сурасам болады.Кызылорда каласы.рақмет

  • Мен көпбалалы анамын. Осы жылы 1 балам мектеп битирди, 2 балам мектепте оқиды. Бізде интернет желісі жоқ, оған қоса не компьютер не ноутбук болмай тұр. Кредитке ала алмаймыз, жағдайымыз келмейді. Бұрын алынған несиемізді төлей алмай жатырмыз. Бізге де көмек беруіңізді сұрайын. Мектеп бітірген балам ұбт енді тапсырады, алдыңғы ұбт- дан керекті баллды ала алмады. Қиын боп тұр жағдайымыз, екеуміз бірдей жұмыссызбыз.

Пікір қалдыру