Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында түрлі әлеуметтік санаттағы отбасылардан шыққан балаларды дер кезінде қолдау бағытында пәрменді шаралар қабылдануда.

Биыл жергілікті бюджеттен жалпыға міндетті оқу қорына – 3,8 млрд.теңге бөлген. Оның 1,1 млрд.теңгесі бір реттік қаржылай көмек көрсетуге, 2,5 млрд қаржы ыстық тамаққа қаралып отыр.

Ал, қалған қаржы балалардың сауықтыру-тынығу бағытындағы шараларға жұмсалады.

«Қызылорда облысында қосымша біліммен қамту саласына биыл 1,1 млрд.теңге қаржы бөлініп, 23 мыңнан астам бала тегін спорттық және шығармашылық секциямен қамтылды. Бірақ, бүгінгі күні аталған мәселеге қатысты еліміз бойынша ортақ проблема туындады. Мәселені оңтайлы шешу мақсатында, мәдениет және спорт басқармасына «Артспорт» платформасы бойынша орын алған келеңсіздіктерді мүдделі құқық қорғау органдарымен айқындап, оқушыларды үйірмемен қамту шарасын белсенді жалғастыруды тапсырамын. Әрбір баланың шығармашылықпен, спортпен айналысуғаеркі бар. Оның пайдасы ұшан-теңіз. Ал біз өз тарапымыздан тек қолдау білдіруге тиіспіз», – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев дәстүрлі тамыз кеңесінде.

Тағы да оқыңыз: