Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда өңірінде ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Аймақтағы 8 тестілеу пунктінде оқушылар сынақ тапсырып, білімдерін тексерді. Барлығы 82 аудиторияда 835 бала ақылы тестке кіріп, білім деңгейлерін бағамдады. Ақылы тесттер 5 ақпанға дейін жалғасады.

Бүгінгі күні ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушы талапкерлердің өтініштерін қабылдау жүргізілді. Өңірдегі 7002 оқушы биыл мектепті аяқтаса, оның 5866-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген.

Ақылы сынақта балалар санитарлық талаптарды қатаң сақтап, тестілеу пункттерінде дезинфекциялық тексерулерден өткізілді.
Айта кету керек, ақылы тест қаңтар, наурыз айларында ұйымдастырылады. Бұл тест ақылы оқу орындарына түсетін түлектер үшін жүргізіледі. Ал, мемлекеттік оқу орындарының грантына түсу үшін қорытынды ұлттық тест шілде айында ұйымдастырылады. Кешенді тестілеу тамыз айында өткізіледі.

Тағы да оқыңыз: