Kyzylorda-news.kz. Қызылордада балабақшалар ІТ бағытында білім беруге көшті. Өткен аптада «Алтын Ұя» бөбекжай бақшасы цифрлық білім беруге арналған алғашқы таныстырылым жиынын өткізді. Бұдан былай бөбекжай бақшасы жаңа ресурстармен білім беруді бастайды.

Таныстыру жиынына Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева, балабақша меңгерушілері қатысты. Қонақтар қашықтан оқыту, бейнесабақтар қорын жасақтау, «Робототехника» және «Интеллектум» үйірмелері бойынша жасап жатқан жұмыстарымен танысты.

Бүгінде «Алтын Ұя» балабақшасы 2020 жылы цифрлық білім беру ресурстары бар 18 «Bilimbook» панельдерімен, STEAM-кабинетімен жабдықталды. Сондай-ақ, логопед-дефектолог кабинеті, педагог-писхолог кабинеті, сенсорлық кабинет орналасқан. Балабақша тәрбиешілері мен мамандары арнайы курстан өтті.

Алдағы уақытта ІТ-білім беру бағытына Қызылорда қаласындағы «Сыр шуағы» және «Бүлдіршін» балабақшаларына көшеді. Яғни бірқатар балабақшалар «Тірек білім беру ұйымдары» ретінде жұмыстарын үйлестірілетін болады.

Тағы да оқыңыз: