Kyzylorda-news.kz. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында қосымша гранттар тағайындалатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, орталық 15 қазанға дейін тағы 4000-нан астам отбасыны қуантпақ.
“Оларға үкімет қаулысы шыққаннан кейін қосымша гранттар тағайындалады. Педагогикалық ғылымдар, АКТ, инженерлік, өңдеу мен құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы және биоресурстар мамандықтары қамтылады!”, – деп жазды Смағұлов.