Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы №279 орта мектебінде  5-8 сынып пән мұғалімдері арасында «Ең  креативті  үйірме жетекшісі»   байқауы өткізілді.

Сайыстың мақсаты – мектептегі талантты, шығармашылықпен айналысатын педагогтерді анықтау және қолдау. Ұстаздардың еңбегін ынталандыру мен бағалаудың тиімді және әділ жүйесін жасау, мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық пікір алмасуын ұйымдастыру.

Үш кезеңнен тұрған сайыста қатысушылар өздерін таныстырып, презентациялық сабақ өткізді. Сонымен қатар тест сұрақтарына жауап берді.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды  информатика пәні мұғалімі  Құралай Абдикерова иеленді. Ал ІІ орын технология пәні мұғалімі Ардақ Таңжанға бұйырды. Тарих пәні мұғалімдері Сұлушаш Қонысова мен Гүлбану Асылбекова ІІІ  орынды қанжығаға байлады.

Н.Уркимбаева

№279 орта мектептің ағылшын пәні мұғалімі

Тағы да оқыңыз: