Kyzylorda-news.kz  2024 жылдың 11 сәуір күні жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «ProEco» экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді. 
     Конкурс оқушылардың назарын экологиялық проблемаларға аудару, жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін дамыту, туған өлкенің табиғатына экологиялық мәдениет пен оң экологиялық қатынасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Конкурстың тағы бір басты мақсаты – оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықтарын арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық мәдениетке баулу, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, экологиялық мәдениетпен туған өлке табиғатына оң экологиялық көзқарас қалыптастыру және мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. 
    Конкурсқа қатысушылар 4 бағыт бойынша жасаған жұмыстарын ұсынды. «Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады». Ережеге сай жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8 сынып аралығында анықталды. 
     Облыстық конкурс 4 бағыт бойынша өткізіліп, аудан намысын қорғаған оқушыларымыз соның ішінде 2 бағыт бойынша жүлделі 2,3 орын иегері атанды.  «Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» бағыты бойынша: №139 орта мектептің  8-сынып оқушысы Ыбыраш Қарақат ІІ дәрежелі дипломымен (жет: М.Тәжекеев); «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша:  №210 орта мектептің  7-сынып оқушылары Бектауов Мейрамбек және Қанжарбаев Нұрдәулет ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды (жет: Ж.Бедебекова)

Тағы да оқыңыз: