Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде педагогтерге арналған «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шараны «Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің информатика пәнінің оқытушысы  Тоты Султанова жүргізді. 

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін дәріптеу және баламен жағымды қарым-қатынас құру, екі жақты тәрбиелеуді қолға алу мақсатындағы шеберлік сағатында бірқатар әдіс-тәсіл түрлері айтылып, қатысушы оқытушылармен түрлі тәжірибелер жасалды. Бала тәрбиесінде мұғалімнің рөлі мен қатар ата-ананың рөлі насихатталып, шеберлік сағатының басы психологиялық ахуал құрастырумен бастау алды. «Сәлемдесу» әдісі арқылы жағымды көңіл-күйді қалыптастыра отырып, жағдаяттарды шешу арқылы қиындықтан шығу жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, «Губка» әдісі арқылы бала бойынша берілетін тәрбиеде жақсы мен жаманды ажырата отырып, эксперименттер жасалды.

«Отбасы – адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы», – деген В.А.Сухомлинский. 

Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы – отбасы тәрбиесі. Отбасында бала еңбек етуге,жақсылық жасауға, өмір сүруге әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көзқарасы қалыптасады. Балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін ата-аналардың қарым-қатынас типтері: орынсыз қамқорлық (бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім қабылдай алмайды); орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) (баланың мінез-құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды); орынсыз қорқыныш, үрей (баланы мазасыз етеді, тіпті психосоматикалық ауруларға апарады).

Балалардың махаббаты таза, риясыз. Олар өздерінің ата-аналарын бар жан-тәнімен жақсы көреді және оларға еліктейді. Кей-кейде балалар ата-аналарының тілін алмайды. Бірақ олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін зер сала бақылайды. Бұл балаларға үлкен әсер етіп, ықпалын тигізеді. Олар ата-аналары өтірік айтып, алдап тұрса, екіжүзділік таныса, оны байқап қояды. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі бөлек екені айдан анық. Әйелдің басты миссиясы бар: барлық отбасы үшін сарқылмас энергетикалық қуаныштың, сұлулықтың, жарықтың көзі бола білуі. Қашан ана отбасында бақытты болса, онда барлық адам бақытты.

Қатысушы ұстаздар барлық ойын-жаттығуларына белсене атсалысып, шара соңында Тоты Сұлтановаға зор алғыстарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: