Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжінде дәстүрлі түрде «Үздік топ жетекші –2024» байқауы өткізілді. 

Байқаудың басты мақсаты – топ жетекші қызметінің маңыздылығын айқындау, кәсіптік, техникалық бiлiм беру мазмұнында базалық құндылықтар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершiлiк, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылдық, ашықтық, өмiр бойы бiлiм алуды қалыптастыру болып табылады.

Аталған сайыстың алғашқы кезеңдері сәуір айынан басталып, қатысушылар топпен жұмыс (студент жетістігі мен сабаққа қатысуы, тәрбие сағаттар және топ студенттерімен атқарлыған жұмсытар) және ашық тәрбие сағат өткізу бойынша бәсекеге түсті.

Топ жетекшілер байқауына әр бөлімнен бір топ жетекші қатысып, сәуір айынан бастап түрлі кезеңдер бойыншп бақ сынады. Атап өтсек, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің топ жетекшісі – Ғазиза Ділманова, «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің топ жетекшісі – Әлібаева Мөлдір Әлібаева, «Филология» бөлімінің топ жетекшісі –Жәнібек Қонысов, «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің топ жетекшісі – Гүлмира Шапшанова, «Өнер» бөлімінің топ жетекшісі – Гүлжаухар Қойшагова, «Шетел тілі» бөлімінің топ жетекшісі – Сәуле Баймұрат, «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің топ жетекшісі – Дулат Даутов.

Топ жетекшілер байқауына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасы Гүлдана Исаева, Ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі Роза Шермаханова, кітапхана меңгерушісі, комиссия мүшесі Зульфия Пазылова және колледж әдіскері, комиссия мүшесі Гүлшара Башарова, кәсіподақ төрайымы, комиссия мүшесі Гүлсім Нұрадинова әділ қазылық етті. 

Интеллектуалды сайыс «Менің көңілді тобым» таныстыру кезеңі, «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» педагогикалық жағдаяттарды шешу және лайфхак (өз өнерін үлгі етіп көрсету) кезеңдері бойынша өтті. 

Әділқазы алқаларының шешімімен байқаудың жеңімпаздары деп  «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің топ жетекшісі Мөлдір Әлібаева «Үздік топ жетекші» атанды. Сондай-ақ «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің топ жетекшісі Ғазиза Ділманова "Шебер топ жетекші" номинациясы, «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің топ жетекшісі  Гүлмира Шапшаңова "Өнерлі топ жетекші" номинациясы бойынша марапатталды. 

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: