Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындағы Жамбыл Жабаев атындағы №234 орта мектепте білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар» байқауы өтті.
Сайыстың мақсаты - педагогтардың шығармашылығын шыңдау, өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және заманауи инновациялық білім беру технологияларын насихаттау болып табылады.
Аталған байқауға педагог-психологтар және дефектолог мамандар қатысты. Сайыс ережесі бойынша педагог-психологтар мен дефектологтар «Психолог сандықшасы» бөлімінде өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Талапкерлер түрлі тренингтер өткізіп, бұған дейін жұмыс барысында кездескен тәжірибелерін ортаға салды. Адам жанын түсінуге асық мамандық иелері бүгінгі қоғамның бет-бейнесі мен келешек келер күнге шолу жасады.
Тартысты бәсеке қорытындысына сәйкес, І орынмен №95 орта мектеп психологі Аққоянова Дамира, ІІ орынмен №25 орта мектеп психологі Қожахмет Гүлбағым, ІІІ орынмен Утелбаева Жадыра марапатталды. Жұбаназар Айгүлге Алғыс хат бұйырды.
Арнайы мамандар арасындағы сайыста І орынмен №204 орта мектептің дефектологі Елубайқызы Толқынай, ІІ орынмен №216 орта мектеп дефектологі Сансызбаева Дина, ІІІ орынмен №104 орта мектептің дефектологі Алиева Ақкүл марапатталды