Kyzylorda-news.kz Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Шетел тілі» бөлімінің ұйымдастыруымен «Teachingis a processofdevelopmentandlearning» (Оқыту – даму және оқу процесі) тақырыбындағы пән апталығының ашылуы өтті.
Мақсаты - білім берудің ұлттық құндылығын әлемдік білім құндылығымен ұштастыра білетін, қазіргі қоғамға қажетті икемділікті қалыптастыра алатын, танымдық, шығармашылық іс-әрекетте өзін-өзі тануды мақсат еткен Жаңа Қазақстанға кәсіби құзырлы, ағылшын тілін жетік меңгерген, интеллектуалды коммуникативті құзыретті маман даярлау.Аталған шараға колледж директоры Ж.Қ.Тоғанова, бөлім меңгерушілері және «Шетел» тілі бөлімінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Сондай-ақ арнайы қонақ ретінде АҚШ, Эльбертон (Джорджия) қаласынан келген оқытушы, «Fulbright» бағдарламасының стипендианты Анна Кубас келді . Ашылу жиыны Британ жазушысы Дж.Роулингтің «Гарри Поттер» шығармасы желісі негізінде өрбіп, білім алушылар шығармадан ағылшын тілінде көрініс көрсетті. Жасырынған сұрақтарды тауып, тапсырмалар орындау арқылы қызықты сұрақтарға жауап алып, арнайы тәттілер таратылды. Сонымен қатар 4-курс студенттері өз қолдарынан жасалған шығарма кейіпкерлеріне арналған «Рop-upbook» 3D форматында буклеттеріне таныстырылымжүргізді.Айта кетейік, бүгін ғана өз бастауын алған апталық апта бойы түрлі бағыттағы шаралармен жұмысын жалғастыратын болады.
Сондай-ақ, «Мектепке дейінгі педагогика» ПЦК-ның «ЖАҢА ФОРМАЦИЯ ПЕДАГОГЫ – КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ» атты апталығы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Мен зерттеушімін» тақырыбындағы қалалық жобалау-зерттеу байқауы өтті. Мақсаты:
- Студенттердің тұрақты және тиімді ғылыми-зерттеу қызметін жасау;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға студенттерді баулу;
Ғылыми зерттеу жұмысы - жобаның мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, мақсат, міндеттері мен нәтижені қалыптастырудың бар болуы және сауаттылығы, материалды ұсынудың қисындылығы мен дәйектілігі және жұмыстың жүйелілігі мен жоба нәтижесінің тақырыпқа сәйкестігі бойынша бағаланды. Жас зерттеушілер еңбегіне «Шұғыла» жеке мектепке дейінгі мекемесінің тәрбиешісі - Бекжанова Жұлдызай, «Алпамыс» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі -ТуякбаеваКалдан және №2 Нұр Шұғыла жеке мектепке дейінгі мекемесінің тәрбиешісі – Ерғали Меруерт Қайратқызы әділқазылық етіп, назарға ұсынылған жұмыстарды сарапқа салды. Қалалық жобалау-зерттеу байқауы нәтижесінде «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Алдиярова Айдана – І орын, "ORDA" жоғары колледжі" мемлекеттік емес білім беру мекемесі студенті Алпысбай Дамира – ІІ орын, «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Сайлауова Меруерт – ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар бірқатар қатысушыларға зерттеу жұмысы нәтижесіне сай номинациялар табысталды. Атап айтсақ:
- М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Нурдаулетова Раушан – «Жаңа инновациялық жоба»;
- М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Айназарова Айжан - “Жаңашыл идея” номинациясы;
- «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті ҚұрманәлиеваЖаннұр - “Үздік зерттеуші” номинациясы;
- "ORDA" жоғары колледжі" мемлекеттік емес білім беру мекемесі студенті Орынбаева Динара - “Алғыр ой” номинациясы;
- «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Шымбергенова Нұрай - “Креативті жоба” номинациясы;
- «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенті Әуесбай Сандуғаш - “Ойшыл жоба” номинациясын иеленді.
Қорлан САРЫ