Kyzylorda-news.kz  Бүгінде елімізде жол саласында кәсіби маман тапшы. Көлік министрлігінің есебі бойынша қазіргі таңда үш мыңға жуық кадр жетіспейді. Жастардың жолшы мамандығына қызығушылығын арттыру бағытында “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” РМК ел бойынша “2 мың мектеп” жобасын өткізуде. Орталық мамандары білім ордаларына барып, жоғары сынып оқушыларына жол-көлік мамандығы туралы кәсіби бағдар беріп келеді.

Осы орайда, жергілікті орталықтың тәжірибелі зертханашысы Орынкүл Мырзабаева қаладағы #235, 7 және 187 мектептердің оқушыларымен кездесіп, жолшы мамандығы бойынша білген-түйгенімен бөлісті.

– Жалпы жастар жол саласы өте ауыр, далалық жердегі қара жұмыс деп ойлайды. Бірақ, қазір технология дамыды, көп жұмысты автоматтандырылған техника жасайды. Енді соны меңгеретін маман керек. Қазір жолшылардың жалақысы мұнайшылардан кем емес. Қазір ауқымды жол құрылыстарына шет елден мамандар тартылып жатыр. Неге өзіміздің жастардың арасынан білікті маман даярламасқа? Өйткені, қазақтың білімді, талапты жастары жетерлік. Міне, осы бағытта біз мектептерге арнайы келіп, оқушыларды жол-көлік мамандығын таңдауға шақырып жатырмыз, – дейді Орынкүл Мырзабаева.

Тағы да оқыңыз: