Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурстың қалалық кезеңіне құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 19-сәуіріне дейін жүргізілетіндігін хабарлайды. Аталған байқау 26 сәуір күні қалалық білім бөлімінде өткізілетіндігін хабарлайды.

Байқауға қатысушылар комиссияға конкурсқа қатысуға өтінім беруі керек. Сонымен қатар конкурстық комиссияның қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте қабылданады.

Осы қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды (бұл туралы қосымша барлық білім беру ұйымдарына жолданды) тапсырады.

Құжаттарын құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберілмейді;

Тиісті деңгейдің конкурстық комиссиясы ұсынылған құжаттар негізінде конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді;

Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарау негізінде жеңімпазды анықтайды және облыстық кезеңге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Тағы да оқыңыз: