Kyzylorda-news.kz Қызылордада «OrleTech»  бағдарламасының  ақпараттық науқаны басталды. «OrleTech»  − ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа  мамандықтарды үйрететін 4 айлық онлайн оқыту. Бұл жоба қазақ тілі, орыс тілі және ым-ишара тілінде тегін жүргізіледі. Жобаға іріктеу кезеңі мамыр-маусым айында, ал шілде айында Soft Skills офлайн лагері өтеді. Тамыз-қазан айында онлайн форматта Hard Skills лагері ұйымдастырылады. Оқыту курсы бойынша барлық семиналар аяқталғаннан кейін дипломдық жұмыс пен марапаттау кезеңі басталады.  Жақсы нәтижеге қол жеткізген қатысушылар желтоқсан мен ақпан айларында жұмысқа орналастырылады. Жобаға 18 жастан асқан мүгедектігі бар, мүгедектігі бар балаларды асырап отқан отбасылар, мүгедектігі бар ата-аналары бар жастар,  халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасылар қатыса алады. Бағдарлама аясында no code, ux/ui design, web, ai маманы бағыттары үйретіледі. Жобаны "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен "Шелл Қазақстан" компаниясының бірлескен қаржылық қолдауымен "ITeachMe"қоры іске асырады.

«ITeachMe» − компетенцияларды дамыту орталығы. «IteachMe» қоғамдық қоры компетенцияларды дамыту орталығы − 2020 жылдың көктемінде мүгедектігі бар адамдарды, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарды және жастарды заманауи кәсіптерге оқыту және жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған. Басты бағыты − онлайн білім беру. ІтeachMe − заманауи мамандықтарды сурдоаудармамен оқытатын және қазақ тіліндегі кейбір бағыттарды бірінші болып қамтыған алғашқы қор. Қордың позициясы жобалардың тиімділігі, мүдделі қатысушылардың конверсиясы, клиенттер мен серіктестердің адалдығы секілді  критерийлермен салыстырғанда нарықта жоғары орын алады. Алғашқы жылдары 1 жоба, 16 түлек, 3 серіктес, 88 өтініш қабылдаған болса, бүгінде компетенцияларды дамыту орталығы 35 жоба аясында жұмыс істеуде. Digital саласындағы 45 курс жүргізеді. Оқыту курстардың барлығы 3 тілде өтеді. 1500-ден астам түлек білім алып, 90%-ы жұмысқа орналастырылған.  Жалпы өтініштер саны 6000-ға жуық. 

Қордың жобаларына келсек, “Leader Z” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кәсіби онлайн мектеп. Мүмкіндігі шектеулі белсенді жастарға кәсіби жолын табуға және келесі бағыттарды үйренуге көмектесу: мобилография, скетчинг, scratch, stem. Жобаға 13 пен 19 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер қатыса алады. Жастарға бағдарламашыдан бастап құрылыс инженеріне дейін әртүрлі кәсіби рөлдерде өзін сынауға мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырылған жобалардың бірі − «COMPASS» кәсіптік бағдар беру орталығы. Мақсатты аудитория - 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Ковид-19 пандемиясы кезіндегі «Qolda» төтенше көмек жобасы "Qolda" ОАЕҚ жобасы шеңберінде іске асырылды. Мақсаты − төтенше жағдай кезінде адамдарға психологиялық және гуманитарлық көмек көрсету. «Басқаша ойла» мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді дамытуға арналған шығармашылық идеялар орталығы мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге(12-17 жас) кәсіптік бағдар берумен айналысады.

Институционалдық даму бағдарламасы − ұйымдық әлеуетті нығайту, ұйым қызметкерлерінің білім базасын кеңейту бойынша мақсатты бірлескен іс-шаралар арқылы мақсатты топтардың қажеттіліктеріне тиімді жауап беруге қабілетті және қаржылық тұрғыдан өміршең болуына көмектесу үшін қалыптасқан және дамып келе жатқан азаматтық қоғам ұйымдарын нығайтуға арналған 14 айлық бағдарлама. ИДБ-на қатысуға құқығы бар ҮЕҰ/ҮЕҰ көп жылдық тәжірибесі бар дәстүрлі ҮЕҰ/ҮЕҰ және қызмет көрсету ұйымдарын қоса алғанда кең ауқымды ұйымдарды білдіреді. 

«IteachMe» қоғамдық қоры компетенцияларды дамыту орталығының жобасына қатысқан Данил «Курс керемет, өзіме керегін алдым. Курстан кейін мен не білгенімді және өзімнің дағдыларымның әлдеқайда жоғарылағанын байқадым. Менің ойымша, бұл ең бастысы» дейді.

− Курс өте жақсы дайындалған, оқуға арналған платформа да түсінікті әрі ыңғайлы. Тәлімгерлердің жауапкершілігі мол, ұжым тату. Білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған, − UI/UX дизайн курсының студенті Вероника деді. 

Жоба серіктестерінің бірі «Шелл» компаниясы. «Шелл» – энергетика және мұнай-химия саласындағы компаниялардан құралған, 70-тен астам елде 80 000-нан астам қызметкері бар жаһандық концерн. Озық технологияларды және жаңашыл әдістерді пайдаланып, тұрақты энергия болашағын құруға үлес қосады. 2023 жылы «Шелл» Қазақстан Республикасындағы табысты қызметіне 30 жыл толды. «Шелл» - мақсаты экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаларына сәйкес энергия тасымалдаушыларға деген өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыру болып табылатын интеграцияланған энергетикалық компания.

Басты стратегиясы − мұнай және газ саласы көшбасшыларының бірі ретінде аса үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеу, әрі энергия тасымалдаушыларға деген жаһандық сұранысты қанағаттандыру. Өндірістік қауіпсіздік, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік – қызметтерінің негізгі қағидалары. Бүгінге дейін 18 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға инвестиция салған «Шелл» концерні Қазақстан Республикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. 

«Шелл» концерні Қазақстандағы үш жобаға қатысады. Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі – 29,25 %);Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 16,81 %);Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі – 7,4 %).Өткен жылы компания Қазақстан Республикасындағы 30 жылдық мерейтойын атап өтті.

 

А.Текебай

Фото:iteachme.kz

Тағы да оқыңыз: