Kyzylorda-news.kz Мемлекеттік тіл – қазақ елінің басты ұлттық коды. Осы орайда қазақ тілді контент те дамуда. Шығармашыл жастардың бір алаңға тоғысуының нәтижесінде «Orda studio» ұйымы жақсы нәтижеге қол жеткізуде. 

Басты мақсаты – шетелдік туындыларды қазақ тіліне аударып, дыбыстап, көрерменге сапалы өнім ұсыну. Бүгінге дейін шығармашылық топ «Өрмекші адам: Ғаламдар арасында» атты Marvel кинематография әлемінің туындысын дыбыстаған. Бүгінде көрсетілім жалғасуда. Әуесқой дыбыстау бойынша жасалған мультфильм Шымкент,Түркістан қалаларында көрсетілген. Жоба басқарушысы А.Абдуллаевтің айтуынша Қызылорда, Алматы, Астана қалаларында көрсету жоспарлануда. Қазір шығармашылық ұйым басқа да Marvel фильмдерін дыбыстау процесінде.

Жобаның басқарушысы, сырбойылық Асылжанның айтуынша, жобаға 1 млн теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар, қосымша табыс көздері де қарастырылған. 

Қызылордалық жастардың дубляж саласында бірнеше жобалары бар. Солардың бірі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттерінің «Шеңбер» жобасы. Бұл қазақ тілінде кәсіби және сапалы дубляж жасайтын жоба.  Айта кетейік, «Шеңбер» жобасы Алматы қаласында өткен «Business Collaboration Forum» республикалық іс-шара аясында арнайы байқауға қатысып, қаржылай жүлде иеленген болатын. 

Тағы да оқыңыз: