Kyzylorda-news.kz «Еркін елдің ертеңі кемел білім мен ана тілінде» тақырыбындағы апталық аясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысын ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру мақсатында қыздарға арналған «Қыз-ғұмыр құпиялары» ток-шоуы ұйымдастырылды.
Бағдарламаға № 1 қалалық емхана дәрігері, акушер-гинеколог Аимбетова Мауекул Кишкенбаевна және Қызылорда облысы бойынша ислами психология және мамандық таңдау (икигай саласы) бойынша психолог маман, эксперт - Гүлнұр Бегалиева қатысты.
Қыз балаларға адамгешілік,адалдық,іс-қимыл,жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани адамгершілік,әдептілік,сыпайлық,тиянақтылық,имандылық,тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға,әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Сала мамандары қыз балалардың тәрбиесі, ерекшелігі, бүгінгі қыз баласының ертеңгі күні ана екенін, қыз-ғұмырын қиындықтардан аулақ ұстауға бағытталған тақырыптарда әңгіме қозғап, кеңестерін ұсынды. Шара барысында студенттер сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты.
Ұйымдастырушылар - П.Рзахметова, А.Төлемісова
Қорлан САРЫ