Kyzylorda_news.kz. Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. Ол ең алдымен өңірдегі «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» педагогикалық тамыз кеңесі пленарлық мәжілісіне қатысты.
Вице-министр Ғани Бектайұлы жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбетпен бiрге облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің жұмысымен танысты.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Бексейітұлы Пазылов мекемені аралатып, жұмыс барысын көрсетті.
Сәбилер үйін аралау кезінде вице-министр мекемеде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен жүздесті. Сонымен қатар сәбилер үйіндегі сенсорлық кабинет, емдік дене шынықтыру, монтессори, ән-күй кабинеттерінің және 2022 жылдың ақпан айында «Балалар жылына» арнайы ашылған «Тұзды шахта» бөлмесінің жұмысымен танысып шықты.
Аралау барысында вице-министр сәби үйі ұжымының жұмысына оң бағасын беріп, қызметкерлерге жасап жатқан еңбектері үшін алғысын білдірді.