Kyzylorda-news.kzҚазіргі күні адамзат баласы мүлдем жаңа индустрияландыру дәуіріне өтуде.  Осыған байланысты болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне де қатысты. Білім беру ісі аса маңызды әлеуметтік институттар қатарына жатады және өзінің  мәні, көлемі мен мазмұны бойынша қоғам өмірінде шешуші рөл атқарады. Соған байланысты оны индустриялы қоғам талаптарына сәйкес жетілдіру проблемасы өткір болып отыр.

Бүгінгі күні білім беруді модернизациялауға (жаңарту) баса назар аударылғанына қарамастан, ол әлі де болса уақыт талабына жауап бере алмай отыр, көбінесе қазіргі заман парадигмасына сәйкес келмейтін ескі дәстүрлерді сақтап келеді, бүгінгі күнге дейін осы заман мамандарын даярлаудағы инновациялық тәсілдер мен технологияның рөлі қаншалықты маңызды екені айқындалған жоқ. Мұндай теорияның болмауы қазіргі заманғы ЖОО-ның инновациялық ортасын құрудың жалпы заңдылықтарын айқындау мүмкіндіктеріне едәуір шектеу қайып отыр.

Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қарым-қатынас жасауы өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдардағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметттік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.

Адам адам болып жаратылғаннан соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан оқушылардың қарым-қатынасындағы мәселе – бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.Мектептегі оқушылар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.

Мектеп жасына дейінгі шақта баладағы әлеуметтік изоляция белгілері үлкендердің үрейін туғызбайды. Жеке дара ойынмен ойнап жатқан бала тәрбиешілер мен ата-аналарға проблемалы болып көрінбейді. Алайда мұндай балаларды мұқият зерттеген кезде, олардың алдында өз қатары мен қарым-қатынасқа түсуінде біршама потенциалды қиындықтар туындайтындығы байқалған.Олай болса өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау барысында қимыншылық туындаудың негізгі себептерін былайша түсіндіруге болады.

Мектеп оқушылары арасында туындайтын оқшауланған балардың болу себебін түсіндіретін оқушылардың өзара конфликтерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Конфликтерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет. Ұжымда балалардың оқшаулану себептерін анықтау мәселелері. Психологтан көмек сұрап келетін балалардың көпшілігі – көпшілікпен қарым –қатынасы нашар, өте тұйық немесе ашушаң болып келеді. Қарым-қатынастың бұзылуы мектепке дейінгі және алғашқы мектеп жасында байқалып қана қоймай, соның салдарынан бала өзінің дегеніне жете алмай, айналасындағылармен жанжалдасып, үйде, мектепте дұрыс қарым-қатынас түзе алмайды. Осы кері қарым-қатынас баланың танымдық және жеке тұлғалық даму саласына әсерін тигізеді.

Қорыта келе айтарым мектеп психологының қызмет көрсету сферасы оқушылар, мұғалімдер, әкімшіліктер, яғни кез-келген адамдар арасындағы қарым-қатынас қиыншылықтарын шешу болып табылады. Себебі, сыныптағы қарым-қатынас сипаты баланың білім алуы мен тәрбиеленуіне едәуір әсер етеді. Егер мұғалім оқушыларға дұрыс тәрбие беріп, оларлың білімдерін жоғарылатамын десе, онда ең бірінші кезекте оқушылардың өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған жөн. Олай болса, біз әрбір сабақта балалармен бірлесе жұмыс жүргізу барысында балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз керек.

Гульмира Сембиева,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Практикалық ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы

Тағы да оқыңыз: