Kyzylorda-news.kz. Бүгін Корея Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі жанындағы Корея тарихы және мәдениет орталығының бас хатшысы Чонг Кёнгвон бастаған делегация  Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейінің жұмысымен танысты. 

Делегацияны  Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ақзира Бақтыбайқызы қарсы алып, «жасыл мектеп» жылыжай жобасы аясында жүзеге асып жатқан ұстаздар мен оқушылардың бірігіп жасаған жылыжай жұмысымен және жылыжайда өсірілген өнімдерімен таныстырды. 

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядан келген делегация Кванджу облыстық білім басқармасының үшжақты меморандумын жасау үшін Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойған еді. 
Меморандум жасасу нәтижесінде аталған мекемелер ынтымақтастық білім, тарих, мәдениет, жалпы білім алмасу саласындағы жобаларды бірлесіп атқаруға мүдделі. 
Делегация мектепті аралап «жасыл мектеп» жобасын жандандырып, оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстап, көгалдандыруға, табиғатты сүюге баулып отырған, жылыжай жұмысына, жас экологтар шоғыры қалыптасқан мектептің жарқын жұмыстарымен танысып, жоғары баға берді.

Ұлт сапасын арттыру үшін білім беруді дамытудың маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында білім сапасын арттырып, ел игілігіне бағыттаудың маңыздылығына тоқталып, бірқатар міндеттерді атап өтті. Адамның өркениеттегі орны тәрбие-біліммен өлшенеді. Білім - жалпыадамзат қоғамы үшін маңызды құндылық. Білім беруді дамыту үшін өзгерістің қажет екені сөзсіз. Өзге мектептермен, өзге елдермен тәжірибе алмасу - кәсіби қажеттілік. 

корей2.jpg
корей1.jpg

Тағы да оқыңыз: