Kyzylorda-news.kz. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқу материалдық базасында 410 орындық оқу корпусы, оқу-өндірістік шеберхана мен зертханалар, 100 орындық асхана және жатақхана, жазғы спорт алаңы, оқу-жаттығу залы, фитнес клуб және жылыжай бар. 

Жас жұмысшыларды өз мамандығына тәрбиелеуде слесарлық, ағаш ұстасы, газэлектрмен дәнекерлеу және токарлық шеберханалар, физикалық және химиялық лабораториялық кабинеттер, компьютерлік орталық,мамандықты оқытуға арналған 36 оқу кабинеті, оның ішінде, 24 арнаулы пән (заманауи құрылғылармен жабдықталған 6 арнайы пән) кабинеттері, 12 жалпы білім беретін пән кабинеттері, 6 шеберхана, 4 зертхана және 3 полигон, 150 орынды мәдени орталық, 100 орындық ғылыми-әдістемелік орталық, 19287кітап қоры бар 10 орынды электронды кітапхана жұмыс жасайды. Теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында 31 әлеуметтік серіктестіктермен келісімшарт жасалды. Инженер-педагогтар өз біліктіліктерін Корея, Франция, Германия, Чехия елдерінде және Мәскеу, Минск қалаларында арттырды.

Осы орайда аталған оқу орыны келер жылы «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі», «Ақпараттық қауіпсіздік технигі», «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы», «Токарь», «Фрезерлеуші», «Электргазымен дәнекерлеуші», «Техник-механик», «Локомотивті жөндеу жөніндегі слесарі (түрлері бойынша)», «Вагон жөндеу слесары», «Техник-электромеханик», «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері», «Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері», «Құрғақ құрылыс шебері», «Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері», «Техник-құрылысшы», «Техник-электронщик», «Кондитер-безендіруші», «Аспазшы», «Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі (түрлері және салалары бойынша)» мамандықтары бойынша студенттер қабылдайтындығын айта кеткен жөн. 

«Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі «Жас маман» жобасына қатысып, республикалық үздік 180 колледждің қатарына енгізілді. 2021 жылы республикалық бюджеттен 320 000 000 теңге бөлінді. Аталған қаржыға «Локомотивті жөндеу жөніндегі слесарына»-142 млн, «Вагон  жөндеу слесарына-133 млн және «Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесары» біліктілігі бойынша-45 млн теңгеге заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Жоба аясында үш шеберхана, үш арнайы пән кабинеті, бір интерактивті класс, бір мультимедиялық орталық жабдықталып, 22 электрленген стенд, 6 электрленген макет, 3 тренажерлық кешен, 6 виртуалды 3Д конструктор, 8 оқу-лабораториялық кешен, виртуалды очки және 14 станок сатып алынды. Заманауи құрал жабдықтарды игеруде 25 инженер-педагог өз біліктіктерін көтеріп сертификатталды», – дейді колледж лиректоры Болат Ахметов.

Тағы да оқыңыз: