Kyzylorda-news.kz «Қазалы ауданы білім бөлімінің Оқушылар үйі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны халыққа үздіксіз қызмет етіп келеді.
“Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де, ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да, сондай ардақтауға міндеттіміз” – деген Бауыржан Момышұлы. Ендеше, «білім мен тәрбие егіз» деген ұстанымды ұстап келе жатқан Қазалы ауданындағы қосымша білім беру ұйымдарының бірі – аудандық оқушылар үйі. Қызылорда облысы, Қазалы аудандық пионерлер Үйінің іргетасы 1978 жылы аудандық пионерлер үйі болып, аудандық Совет атқару комитетінің 21 ақпан 1978 жылғы №131 қаулысымен 1978 жылы 1 наурызда ашылды. 1996 жылы «Аудандық оқушылар Үйі» болып атауы өзгерді. Қазіргі кезеңде Оқушылар үйі Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №1 үйде бейімделген ғимаратта, бұрыңғы Мәдениет Үйінде, орналасқан.
Аудандық оқушылар Үйінде әрбір баланың интеллектуалды дамуына, оның қызығушылығы мен әуестенушілігіне, дарындылығын көрсетуге, шығармашылық қабілетіне, кәсіби бағдар алуға және де, бос уақытында өнердің барлық салаларын үйренуге жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген.
Қазіргі өмір талаптарына сай мектеп оқушыларының сабақтан бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қосымша білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту, оларға кәсіби бағдар берумен бірге қосымша білім беру бағытында еңбек етіп келе жатқан білім мекемелерінің бірі.
Оқушылар үйінде балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, оларға жан -жақты білім мен тәрбие беруде майталман мамандар, өз ісінің шеберлері жұмыс жасайды.Тарихы сонау кеңестік дәуірден бастау алатын, оқушылар үйінде өзіндік із қалдырған аяулы ұстаздар, бүгінде бірі ардагер ұстаздар атанса, енді бірі білім саласында әлі де, аянбай еңбек келеді.
Өткен жылдарға көз жіберсек, оқушылар үйінің қырық жылдық тарихында Оқушылар үйін әр жылдарда білімді де білікті басшылар басқарған. Олар – Ұзақ Сарсенбаев, Күлайша Сексенбаева, Рүстем Жанай, Нұрлан Бозғұлов, Қази Иманбаев, Марат Құдайбергенав, Арман Әуез, Кенжетай Шамшадинов, Ерлан Өтепбергенов сынды басшылар басшылық жасаса, қазіргі таңда Сейлхан Бердібекұлы ұжым ұйытқысы болып отыр.
Ұзақ жылдар педагогикалық іс тәжірибесінің нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі атағын Сексенбаева Күлайша, Баекешова Ұлмекен, Ерекешова Мерует сынды ұстаздар иемденді.
Қырық бес жылдан астам тарихы бар аудандық оқушылар үйінің білім беру саласында алар орны ерекше. 1994 жылы «Үздік қосымша білім беру орталығы»; 2004 жылы «Үздік тәрбие ордасы»; 2017 жылы «Үлгілі ұжым» номинациясын жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да, ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Оқушылар үйінде үйірме мүшелері мектепте алған білімін тереңірек жетілдіріп, дамытып, теориялық білімін практикамен ұштастыруға мүмкіндік алады. Жылдар бойы үйірмеге үздіксіз қатысып, білім мен тәжірибе жинақтаған оқушылар уақыт оза келе, кәсіби мамандық таңдап, сол мамандықтың майталманы атанған оқушыларымыз баршылық. Атап айтқанда, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Өмірқұл Айниязов, Алтын Айниязова кезінде «Вокал» үйірмесіне қатысып, «Әнші балапан» республикалық балалар байқауына қатысып, өз өнерлерін ұштаған. «Би» үйірмесінің мүшесі Аида Исаева кейін, Астана қаласындағы өнер академиясын тәмамдап, қазіргі таңда «Ерке» тобының белді бишісі және жеке әншісі. Сол сияқты «Би» үйірмесіне үзбей қатысып, түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған Айгерім Утеген, Ғани Бекмұрза, Рима Ералы Қызылорда қаласындағы гуманитарлық колледжді тәмәмдап, туған жерге оралып, балаларға тәлім тәрбие беруде.Тыныбай Айдана Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжден дәріс алып, қазір Астана қаласында Мәдениет үйінде би маманы болып қызмет етуде. «Жеке ән» үйірмесінің мүшесі Нұртас Омаров Ақтөбе қаласындағы «Ахмет Жұбанов» атындағы музыкалық колледжінің «Вокал» класының жетекшісі, филармония әншісі. Жақсылық Гүлзина бүгінде «П.И. Чайковский » атындағы консерватория түлегі, Президент оркестрінің жеке әншісі. Сымбат Бұзаубаева Қызылорда қаласындағы Қорқыт атындағы университет студенті, болашағынан үміт күттірер жас әнші.
2023-2024 жаңа оқу жылын Қазалы аудандық оқушылар үйі жаңа қарқынмен бастады. Үйірме мүшелері көркем эстетикалық, сәндік қолданбалы, техникалық, экологиялық, туристік-өлкетану, қоғамдық-гуманитарлық, тілдік, ұлттық ойын бағыттары бойынша білім ала отырып, төрт бірлестік бойынша жұмыс жүргізеді.
«Таным шығармашылық» үйірмелері бірлестігі, «Бейіндік оқыту» үйірмелері бірлестігі мен «Көркем өнер» үйірмелері бірлестігі және «IT KAZALY» үйірмелері бірлестігі.
Жалпы, 2023-2024 оқу жылында Оқушылар үйінде 35 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде – 33 жоғары білімді, 2 арнаулы білімді мамандар. Ұстаздардың 1-санатты 4 педагог, 6 зерттеуші педагог, 6 сарапшы педагог, 7 модератр педагог, 10 педагог бар. Жаңа оқу жылында 27 үйірме жұмыс жасап, оларға – 27 ұстаз жетекшілік етеді. Үйірмелерге мектептерінен – 1205 оқушы қамтылған (оның ішінде, 600 ер бала, 605 қыз бала, бастауыш сынып - 770 оқушы, жоғарғы сыныптан – 430 оқушы), ол Әйтеке би кентіндегі оқушылардың 15 пайызын құрайды.
Иә, өскелең ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі көп ұжымның игі істеріне ұйытқы болып жүрген ұстаздарымыз да баршылық. Атап айтқанда, Арухан Қызылғұл, Бақыт Зарипова,Қайрат Ораз,Ерман Мамбетов, Мәди Тәңірбергенов, Сарқыт Матай, Алтынай Демеуова, Ұлбосын Алматова, Кулмариям Утегенова, Жанар Алишева, Нағима Қарымсақова, Темірхан Дербисалиев,Жанар Еламанова, Жанар Илясова сынды ұстаздар үйірме жұмыстарын қызғылықты ұйымдастырып, балаларға заманауи білім беру үлгісін үйретуде.
Оқу жылы 15 қыркүйекте басталды және сол күні дәстүрлі түрде ашық есік күні өткізіліп, үйірме топтары жасақталады.
Жаңа оқу жылының басында ұстаздарға жақсы көңіл күй сыйлайтын, ұжымдастарды сыйластыққа бағыттайтын, жұмысқа жаңаша бағыт, серпін беретін «Қызықты психология», «Дос бол like», «Көңілді балақай», «Менің мамандығым», «Баланың бас ұстазы - ата-ана»» тақырыптарындағы педагог психолог Матай Сарқыт Құрманғалиқызының ұйымдастырған тренинг сабақтары көпшілік көңілінен шығып, берері көп болды.
Оқушылар үйінде үйірмеге қатысушы жайлы барлық деректер, құжаттар уақытылы тіркеліп, назарда ұсталады. Жылына ата-аналар үшін жалпы, жиналыс екі рет, ал үйірмелер арасында тоқсанына бір рет ұйымдастырылады. «Қосымша білім беруде ата-аналар ынтымақтастығын арттыру»; «Отбасындағы тәрбие», «Әкелер мектебі», «Баланың бейімділігін анықтау» тақырыптарында ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Күзгі каникул кезінде үйірмелер арасында «Алтын күз», «Күз кереметі»,«Ойна да, ойла», «Бәрін білгім келеді», «Табиғат сенің өз үйің» шараларына оқушылар қызыға қатысып, жеңімпаздар анықталды.
Оқушылар үйінің үйірме жетекшілер мен үйірме мүшелері аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп келеді.
Қызылорда қаласында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңінен «Робототехника» үйірмесінің мүшесі Тәжібай Сартай үшінші орынды; Амангелді Имран Алғыс хат; Әлиханов Нұрхан Сертификатқа ие болды.
Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жаңа Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет» тақырыбындағы аудандық қылқалам шеберлерінің байқауында Аия Мақсұт Бас жүлдеге ие болды
Қызылорда қаласында «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Ақ желең» республикалық байқауының облыстық кезеңінен «Сырлы әуен» (жетекшісі Н.Қарымсақова) үйірмесінің мүшесі Еділ Айлуна, Матжан Дарын қатысып екінші орынға ие болды. Алматы қаласында өтетін Халықаралық байқауға қатысуға 50 процент жеңілдікке және Түркия елінде өтетін байқауға жолдамаға ие болды. Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Педагогикадағы тәлімгерлік: тарихи тәжірибе, заманауи мазмұны мен даму ерекшеліктері» тақырыбындағы аудандық семинарға педагог-психолог Сарқыт Матай қатысып, екінші орынды иемденді. Аудандық «Табиғат сенің өз үйің» онлаин форматтағы бейнероликтер байқауынан «Атамұра» үйірмесінің жетекшісі Р.Елеева екінші орынды, «Биоәлем» үйірмесінің жетекшісі Ж.Еламанова үшінші орынды иемденді.
Сол сияқты «Өрлеу»Қызылорда облыстық ұлттық біліктілікті арттыру отралығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» буктрейлер байқауынан «Сөз өнері» үйірмесінің жетекшісі Шынар Сариева екінші орынды; «Атамұра» үйірмесінің жетекшісі Роза Елеева Алғыс хатқа ие болды.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «STEAM-ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту» атты биология пәні мұғалімдерінің аудандық конференциясына «Биоәлем» үйірмесінің жетекшісі Еламанова Жанар қатысып, жақсы жұмысы үшін үшінші орынды иемденді.
Облыстық оқу орталығының «Нәтижелі оқыту - білім берудің тенденциялары» республикалық ғылыми-практикалық конференцияға ұстаз Жанар Еламанова қатысып, сертификатқа ие болды.
Республикалық қосымша білім беру оқу орталығының қашықтықтан өткізілген «Әдістемелік вернисаж» байқауына әдістемелік жұмыс жолдап, Сарқыт Матай, Алишева Жанаркуль, Уразымбетова Нұргүл сынды ұстаздар Серификатқа ие болды.
Республикалық «Педагогикалық идеялар» байқауының облыстық кзеңіне «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі «Сабақ аяқталған соң» бағыты бойынша қатысып, жүлделі екінші орынды, кейін республикалық кезеңінен үшінші орынды иемденіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Алматы қаласында «Бала шабыты» республикалық балалар конкурсы аясында өткен «Winter Stars» балалар өнер байқауында «Би» үйірмесінің (жетекшісі К.Утегенова) «Балдырған» тобы бірінші орынды иемденді.
Оқушылар үйі оқу жылының басында аудан мектептерімен меморандумға отырып, бірлесе жұмыс жасауға келісім жасады. Әйтеке би кентіндегі С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектепте «Сырлы әуен» үйірмесінің жетекшісі Нағима Қарымсақованың ұйымдастыруымен «Жас өркен» хор ұжымы «Егемен елімнің ертеңімін» ІІ Республикалық рухани патриоттық балалар өнер байқауынан Бас жүлдеге ие болып, жетекшісі «Үздік жетекші» төс белгісімен марапатталды.
Сонымен бірге, аталған хор ұжымы ақпан айының 20 жұлдызында «Шабыт қанатында» IV республикалық байқауынан Бас жүлдені иемденсе, Жұмағали Аружан, Қанай Айша жүлделі бірінші орынды иемденді.
Ақпан айының 23 жұлдызында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық байқау фестивалінің аудандық кезеңі болып, онда «Би» үйірмесінің жас бишілері жүлделі екінші орынды иемденді. Ал, «Жеті өнер» республикалық байқауының аясында өткен «Аққу – 2024» республикалық би чемпионатынан екінші орынға ие болды.
Наурыз айында Қожабақы ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет» тақырыбында өткен аудандық қылқалам шеберлерінің байқауында «Бейнелеу» (жетекшісі Ғ.Қабылов) үйірмесінің мүшесі Мақсұт Аия Ерболқызы «Бас жүлдеге» ие болды.
Шымкент қаласында өткен «Қарлығаш» VII Халықаралық балалар шығармашылық өнер байқауында «Би» үйірмесінен «Балдырған І» тобы бірінші орынды, «Балдырған ІІ»тобы екінші орынды иемденді. Жеке орындаушы Мариям Жақсымұрат Бас жүлдені иемденді. Жетекшісі – Күлмариям Утегенова «Ұлағат» төсбелгісімен марапатталды.
Облыстық «Дарын» оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Яссауитану» байқауының аудандық кезеңінен «Туристік өлкетану» үйірмесінен Жолтай Арман
екінші орынды иемденіп, облыстық кезеңінен үшінші орынға ие болды.
Облыстық «Бозторғай» балалар өнер байқауына «Би» үйірмесінің «Балдырған І», «Балдырған ІІ» би топтары қатысып, облыстық кезеңге жолдама алды. Сол сияқты «Сырлы әуен» үйірмесінің мүшесі Қыпшақбай Мерей облыстық кезеңге Жолдамаға ие болды.
Түркістан қаласында өткен «TURKISTAN city fest» балалар шығармашылығы байқауына «Би» үйірмесінен «Қыз Жібек» бишілер тобы - гран при марапатын жеңіп алды. Сол сияқты жеке орындаушы Жақсымұрат Мариям да бас жүлдеге ие болды.
Қазалы аудандық білім бөлімінің хатына сәйкес, республикалық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар,табиғат зерттеушілерінің аудандық форумына «Сәулет өнері» үйірмесінің мүшесі Қожбан Назгүл бірінші орынды; «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшесі Ілиясова Азиза екінші орынды жеңіп алды. Үйірме сабақтарының сапасын арттыру мақсатында үйірмелерде ашық сабақтарды жаңаша форматта түрлендіріп, ұйымдастыру жолға қойылған. Әдістемелік бөлім меңгерушісі Арухан Қызылғұлқызының ұтымды да, шебер ойластырылған жылдық жоспарына сәйкес, үйірме жетекшілері үйірме сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, қызықты да, тартымды етіп өткізеді. «Бағдарламалау негіздері» үйірмесінде (жетекшісі Г.Иманалиева) «Ұялы телефондар арқылы видео өңдеу»; «Би» үйірмесінде (жетекшісі К.Утегенова) «Зал ортасындағы экзерсис»; «Сәулет өнері» үйірмесінде (жетекшісі Нысанбай Светлана) «Қарапайым үй макетін жасау» тағы басқа ашық сабақтардың ұйымдастырылуы ерекше болды.
Оқу жылының жарты жылдық қортындысы бойынша «Көркемөнер» бірлестігінде «Бақытты балалық шақ - ертеңгі жарқын болашақ» тақырыбында жарты жылдық қортынды концерті ұйымдастырылса, кіші залда «Үйірменің үйретері көп» атты оқушылар үйінің өмірінен сыр шертетін көрме жұмыстары қойылды.
Балалар үшін ең қызықты мереке жаңа жылдық ертеңгілік болса, оқушылар үйінде үйірмелер үшін де, мектеп оқушылары үшін де, ертегі желісінде қойылған ертеңгіліктер ұйымдастыру дәстүрге айналған. Мерекеге дайындық жасау мақсатында «Жаңа жылдық әшекейлер» байқауы оқушылар үшін қызықты да, тартымды өтті. Шеберлер оза шауып, жүлдегер атанды.
«Туған өңір, тұнған өнер» дегендей, туған елімізден шыққан талант иелерін дәріптеу, ұлықтау мақсатында жерлес әнші, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, өнер майталманы Ғалия Оспановамен «Сырлы әуен» үйірмесінің жетекшісі Н.Қарымсақованың ұйымдастыруымен «Ән әлемінің дариясы, Қазалының Ғалиясы» атты сыр сұқбат болып, шараға ауданның өнер қайраткерлері қонаққа шақырылды. Шарада Ғалия Оспанованың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы мәліметтер айтылып, өнердегі, өмірдегі достары, туыстары тосын сый ретінде келіп, естеліктер айтып кейіпкерді разы етті.
Алғыс айту мерекесіне арналған «Шын жүректен алғыс айтамын!» атты үйірмелер арасында керемет көңілді күй сыйлайтын іс шара болып өтті. Мұнда барлық ұжымдастар бір-біріне алғыс білдірсе, оқушылар барлық мамандық иелеріне, ата-аналарға, туыс-бауырларға алғыс-тілектерін білдіріп, ән-жырын арнады. Оқушылардың физикалық дамуын, шапшаңдығы мен шымырлығын қалыптастыру мақсатында «Спорт» үйірмесінде (жетекшісі – Айдос Расбек) «Шынықсаң шымыр боласың»; «Қыс қызықтары», «Ұлттық ойындар» тақырыптарында спорттық ойындар өткізілді.
Сонымен бірге, республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Тоғыз айға, тоғыз іс шара» бағдарламасынан да тыс қалған емес. Әр айға жасалған жоспар бойынша үйірме мүшелерін жұмылдыра отырып, тәәрбиелік іс- шаралар ұйымдастырылды. Мысалы «Ұлттық ойындар, ұлттық құндылық» бағдарламасы аясында «Асық ату» челленджі, «Денсаулық және спорт» айында «Көңілді үзіліс»; «Патриоттық құндылық айында» Әнұран айту челленджі; «Жауапкершілік »айында «Болашаққа хат» тақырыбында шығарма жазу; «Интеллектуалдар мен зерде» айында « Профессор ҚР ҰҒА академигі Асқар Серікұлы Жұмаділдаевтің авторлық есептерін шығаруға қазақ есебі» челленджі; «Кемелдену» айында оқушылардың кітап оқу мәдениетін және белсенділігін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» челленджі; «Ұлттық құндылық» айында оқушылардың эстетикалық, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту техникасын қалыптастыру мақсатында «Домбырашылар» челленджі; «Зияткерлік» айында білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында « Шахмат ойнау» челленджі; «Тазалық» айында білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу мақсатында «Жасыл мекен» челленджі ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өткізілді.
Қазіргі таңда балалардың IT саласына, роботтар жасауға, құрастыруға деген қызығушылығы ерекше. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында аудан мектептері арасында «Робо турнир - 2024» байқауы ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаздар марапатталды.
«Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар» республикалық жарысының аудандық кезеңінен «Робототехника» үйірмесінен Қайратұлы Асанәлі бірінші орынды; Оңдабай Рамазан бірінші орын; Қабыл Данияр үшінші орын; Аязби Мәди Алғыс хатқа ие болды. «Көлік модельдеу» үйірмесінен Сүлеймен Айдар бірінші орын; «Бастауыш техникалық үлгілеу» үйірмесінен Малкайдарұлы Нұрбек үшінші орынды иемденсе, жарыстың облыстық кезеңінен «Робототехника» үйірмесінен Қайратұлы Асанәлі үшінші орынды; Оңдасын Рамазан Алғыс хатқа ие болды.
Әдістемелік бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес, «Үздіктен үйрен» педагогикалық шеберлік күндері ұйымдастырылды. Жыл үздіктері атанған Жанар Алишева, Кулмариям Утегенова, Ұлбосын Алматова сынды ұстаздардыңәдістемелік жұмыстары, шығармашылық күндері ұйымдастырылып, іс тәжірибелері таратылды.
Үйірме жетекшілерін кәсіби құзіреттілігін жетілдіру, дамыту, шығармашылыққа жетелеу мақсатында 1-10 ақпан күндері тілдік үйірмелер арасында «Тіл –өлшеусізқазына, өрісі кең әлем» тақырыбында онкүндік өз жұмысын бастады. Онкүндік шарасы жоспарында түрлі іс-шаралар, ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, көңілді үзілістер, қойылымдар қамтылды.
«Радуга» үйірмесінде «Знаки препинания» қойылымы; «Сөз өнері» үйірмесінде «Ұйқас тауып, сөз үйрен» тапқырлық тапсырмалары; «Атамұра» үйірмесінде «Менің идеям, менің тәжірибем» атты тәжірибе алмасу сағаты; «Полиглот» үйірмесінде «Мәуелі ағаш» пантомимикалық экокөрінісі; «My English»үйірмесінде «Ағылшынша үйренейік» ойын сабағы өткізіліп, оқушылар қызығушылық танытты.
Сонымен бірге, оқушылар үйінің әдіскері Эльмира Жетібаева «Тәжірибеге арналған демо -сабақ» тақырыбында үйірме жетекшілері үшін әдістемелік сабақ өткізілді.
15-25 ақпан аралығында «Техникалық шығармашылық. Ізденіс. Идея. Шеберлік» тақырыбында техникалық үйірмелер онкүндігі өз жұмысын бастады. «Авиамодельдеу» үйірмесінде Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл тоуына орай «Қаһарлы күндердің қаһарман елестері» кездесу кеші; «Робототехника» үйірмесінде «Жанасу датчигі» ашық сабағы; «Көлік модельдеу» үйірмесінде «Қалдықтан жасалған ғажайыптар» көрмесі; «Бағдарламалау негіздері» үйірмесінде «Замауи мұғалімнің кәсіби шеберлігінде АКТ қолдануы» әдістемелік сабағы;«ЗД модельдеу»үйірмесінде «Ғаламтор көлеңкесіндегі кітап» дебаты; «Бастауыш техникалық жобалау»үйірмесінде «Лего құрастыру» ашық сабағы; және үйірмеер арасында «Біз чемпионбыз» спорттық ойындары оқушылар үшін өте тартымды өтті.
26 ақпан 6 наурыз аралығында сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінің «Ұлттық өнер- ұрпаққа ұлағат,ұмытылмас асыл қазына» тақырыбында кезекті онкүндік бастау алды. Бұл онкүндікте «Алтын ине» «Шебер қолдар» үйірмелерінде «Папье маше» әдісімен ыдыс аяқты ою өрнекпен әрлеу» ашық сабағы ;«Мен және менің отбасым» сайысы; «Этнодизаин»үйірмесінде «Алғыс айту» мерекесіне орай Ашық хат жазудан шеберлік сағаты; «Сәулет өнері» үйірмесінде «Жігіт сұлтаны» сайысы; «Бейнелеу» үйірмесінде«Эбру техникасымен сурет салу» шеберлік сағаты; «Кім жылдам?» көңілді үзіліс ойындары ұйымдастырылып, оқушылар қызыға қатысты.
11-20 наурыз күндері «Қосымша білім болашаққа кәсіби бағдар қалыптастыру негізі» тақыбында табиғат және экология онкүндігі жұмысын бастады. «Биоәлем» үйірмесінде «Аралар. Аралардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» ашық сабағы; «Туристік өлкетану» үйірмесінде «Педагогикалық идея педагогтың ізденіс шеберханасы» шеберлік сағаты; «Қорқыт мұрасы» ашық сабақ; «Есептер әлемі» үйірмесінде «Есептеу құпиялары» ашық сабағы; «Гидропоника», «Фитодизайн» үйірмелерінде«Ғажайып ботаника», «Қызықты биология» практикалық лобораториялық жұмыстары; «Алтын сақа» үйірмесінде «Лазер сызықтары» ойыны; «Ханталапай» ойыны; «Кім жылдам?», «Қызықты сәттер, көңілді үзілістер» «Супер балалар» ойыны; «Winner жеңімпаз» спорттық ойыны; «Мен репортермын» жас репортерлар байқауы өткізіліп, жеңімпаз оқушылар марапатталды. Осы онкүндік аясында ауданымыздың психолог, медиа-тренері Бисенова Жәния Жоямергенқызының ұстаздармен өткізген психологиялық тренингі өте қызықты өтті.
Қоғамдағы белең алып жатқан отбасы құндылықтарына сәйкес, жастар бойында мейірімділік пен отбасы сыйластығын, үлкендерге құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында «Ана қадірі» спектаклі қойылып, көрермендер көзайымына айналды. Спектакль сценарийін бұқаралық бөлім меңгерушісі Бақыт Зарипова жазса, негізгі рольдерді ұстаздар сомдады. Қойылым аналар мерекесі қарсаңында қойылып, аудандық білім бөлімінен қонақтар, ардагер ұстаздар шақырылды.
18- 27 мамыр аралығында өнер үйірмелерінің «Өнер сүйген, білім сүйген, біз Тәуелсіз ұрпақпыз!» онкүндігі бастау алды.
Педагог-психологтың «Ұстаз-жарқын болашақ иесі» психологиялық тренингі; «Сиқырлы оюлар» үйірмелер арасында арт терапиясы; «Бес тас » ұлттық ойыны; «Қорқыт қобыз» STEAM әдісімен ашық сабақ; «Стол теннисі»; «Биле, биле»; «Жайдарман және біз» ашық сабақтары; «Ұлттық киімдер шеруі»; «Асық ату» ұлттық ойындары; «Толағай» отбасылық спорттық сайысы; «Өнерім саған туған ел!» Тәңірбергеновтер отбасылық концерті; «Әжелер мектебі» шеберлік сағаты; «Айгөлек» бишілер байқауы; «Өнерім бар, биікке жетелеген» К.Утегенованың шығармашылық концерттері ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу мақсатында «Наурызнама» бағдарламасына сәйкес, іс-шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік желіде жарияланып отырды. «Көрісу күні» шарасында оқушыларға көрісу күні жайлы баяндалып, түсінік берілді; «Қайырымдылық» күнінде «Шапағат» сауықтыру орталығы тәрбиеленушілеріне көмек жасалды; «Мәдениет және ұлттық салт дәстүр нүні» «Айрылысу көжесі» салты көрсетілді; «Ұлттық киім күні» ұлттық киімдер шеруі жасалды; «Жаңару күні» оқушылар үйінің алаңына жеміс көшеттері отырғызылды; «Ұлттық спорт күні» «Ханталапай» ұлттық ойыны өткізілді; «Ынтымақ күні» үйірмелер арасында, ұстаздар арасында құттықтаулар челленджі; «Жыл басы күні» ұжымдастар болып Ұлы Наурыз мерекесінқарсы алды.
Көктемгі каникул кезінде оқушылармен «Тазалық денсаулық кепілі», «Наурыз нақыштары», «Наурыз почтасы», «Туған ел, қандай көркем», «Қызықты каникул күндері», «Құстар біздің досымыз» тағы басқа іс-шараларға қызығушылық танытты.
Оқушылар үйінде Қазалы аудандық «Жас ұлан» бірыңғай жастар мен жасөспірімдер қоғамдық қозғалысы ұйымының атқарушы хатшысы А.Демеуованың мектеп тәлімгерлерімен жасаған тығыз байланысының арқасында жасұландықтар жұмысы жақсы жолға қойылған. Жыл басынан бастап мектеп тәлімгерлерінің, «Жас ұлан» ұйымының жүйелі жоспары жасалып, бала тәрбиесіне қажетті бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Түрлі тақырыптарда семинар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, тәлімгерлерге әдістемелік көмек көрсетіліп келеді. Мектеп тәлімгерлері үшін ұйымдастырылған «Жаңа жобалар - тәлімгерлер шеберлігінде» семинары тәлімгерлерге берері көп болды.
Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында аудан бойынша «Жас ұлан» ұйымына салтанатты қабылдау ұйымдастырылып, жасұландықтар қатары көбейді.
Астана қаласында өткен «Birgemiz: Bilim» жалпы, ұлттық жоба қорытындысы бойынша форумда Қазалы аудандық «Жас ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі мүшесі Сахитқызы Еңлік үшінші орынды және, 80000 теңге сыйақыға ие болды.
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының бастамасымен аудан мектептері арасында «Маусымашар -2024» ойындары өткізіліп, жеңімпаздар «Супер лига» жекпе-жек ойынына Жолдамаға ие болды. Көңілді тапқыштар клубының жеңімпаздары мамыр айында өтетін жартылай және негізгі финал кезеңінде өнер көрсетіп, сайысатын болады.